- Негізгі бет
- Денсаулық
- Денсаулықты күтудің 6...
Денсаулықты күтудің 6 әдісі
Денсаулықты сақтау үшін және жақсы көріну үшін соншалықты көп күш салудың қажеті жоқ. Әрине, жаттығу, дұрыс тамақтану және толыққанды ұйқы жайлы ұмытпау керек. Бірақ төмендегі тізімдегі қарапайым әрекеттерді жүйелі түрде орындаудың өзінен көп пайда аласыз.
Физикалық пішініңізді сақтаңыз
Спорттың адам денсаулығына пайдасы ешкімге жаңалық емес. Жаттығу залына баруға уақыт немесе мүмкіндік болмаса, күнде үйде жеңіл жаттығулар жасауды әдетке айналдырыңыз. Барынша көбірек қозғалуға тырысыңыз. Ол үшін әр мүмкіндікті пайдаланыңыз. Мысалы, күнде кешке қоқыс шығаруға далаға шығып, сәл серуендеп келіңіз. Әркез лифттің орнына баспалдақпен шығыңыз. Жақын жерлердің бәріне жаяу барыңыз. Жұмыста түскі үзілісте те серуендеуге уақыт бөліңіз.
Тіс щеткасын ғана емес, тіс жібін де қолданыңыз
Тісті тек щеткамен тазарту жеткіліксіз. Тістер арасында тамақ бөліктері мен өңез қалып қоюы мүмкін. Ол уақыт өте тісжегінің дамуына әкеледі. Ауыз қуысын сапалы тазарту үшін тіс жібі немесе ысқыш қажет. Бастапқыда жіп немесе тіс арасына арналған ысқышты қолдану ыңғайсыз көрінуі мүмкін, бірақ уақыт өте үйреніп кетесіз.
Жүйелі түрде омырауды тексертіп тұрыңыз
Айына бір рет омырауыңызды өздігінше тексеріңіз. Өздігінше тексеру кезінде күмәнді бірдеңе байқасаңыз, дәрігерге көрсетіңіз. Жалпы жүйелі түрде маммологқа көрініп, сүт бездерін УДЗ түсіруді ұмытпаңыз.
Қолды мұқият жуыңыз
Пандемия кезінде қолды сабынбен 20 секундтан аз емес уақыт жуу керегін жақсы түсіндік. Содан соң қолды жақсылап кептіру де маңызды.
Күннен қорғайтын крем қолданыңыз
Тері күтіміндегі кең тараған қателіктің бірі — күннен қорғайтын құралды тек жазда қолдану. Көпшілік мұндай құралды жазда да күнде емес, тек жағажайға барғанда жағады. Алайда ультракүлгін сәулелену жыл бойына теріге жағымсыз әсер етеді. Сондықтан күнде далаға шығарда күннен қорғайтын құралды жағып шығыңыз. Мұндай құралды дененің барлық ашық бөліктеріне жағыңыз.
Өзіңізге мейірімді болыңыз
Кейде ішкі сынды қосқан пайдалы. Алайда кей жағдайда тоқтап, өзіңізге мейірімділік таныта білу де маңызды. Әдетте, адамдар басқаларға аяныш білдіреді де, өздеріне келгенде қатал болады. Бірақ эмоциялық тұрғыда сау болу үшін және депрессияның алдын алу үшін өзіңізге арасында демалыс жариялауды ұмытпаңыз.
А. Жапатова