Дәмі тіл үйіретін бұл сүзбе сүт пен лимоннан жасалады. Оның денсаулығыққа пайдалы тұстары өте көп. Мысалы: есте сақтау қабілетін арттырады, жүрек, сүйек, тамырларды қатайтады, өз-өзіңізді сергек ұстауға көмектеседі, сонымен қатар көңіл-күйіңіз болмай, күйзеліске ұшыраған кезде де жақсы әсер етеді.
Осындай ұзақ ғұмыр сыйлайтын сүзбені дайындау үшін:
- 1 литр сүт;
- 1 лимон керек.
Ең алдымен лимонды шырынсыққышқа салыңыз. Одан кейін сүтті кәстрөлге құйып, газға қою қажет. Сүт қайнап жатқан кезде үстіне лимон шырынын қосып, жақсылап араластырырыңыз. Мінеки, сүзбе де дайын болды. Тек селдір матаның немесе кішкентай тордың көмегімен сүзбенің сарысуын алып тастаңыз.
Оны жер алдында оған тұз да, қант та қоспаңыз. Құрамындағы пайдалы элементтерді бойыңызға сіңіру үшін аздап қаймақ және бал қосуға болады. Сарысуды төгіп тастаудың қажеті жоқ. Оның дәмі өте тәтті.