Ағзадағы мүшелердің өзара байланысы тығыз болғандығы соншалықты, кейбір мүшелердің ақауы мен нормалардан ауытқу денсаулықтағы қиындықтар жайлы айта алады. Демек, ағзамыздағы кейбір сырларды білсеңіз, түрлі ауруларды болжап, алдын алуға мүмкіндігіңіз болады.
Бұл байланыстардың көбі бір қарағанда қызық, мысалға мүшелердің көлемі денсаулықтағы ақаулар жайлы айта алады екен.
Лор дәрігерлерінің көптеген жылдар бойы жүргізген зерттеулері бойынша, құлақтары кіші жандар дермотологиялық экзема (терінің қозып, қышуы, кеуіп, жарықтар пайда болуы) ауруына жиірек шалдығады-мыс. Мәселе келесіде екен: құлақтың сыртқы бөлігінен ортаңғы жеріне дейін жалғасатын есту жолдарының терісі сыртқы дене терісімен бірдей екен. Құлақ қалыпты өлшемінен кіші болған жағдайда, есту жолдарының кейбір жерлерінде терінің болмауы мүмкін. Бұл қышу, терінің қозуына әкеледі. Кейін ауру тарап, қол-аяқтан экзема ретінде білінуі мүмкін.
Құлақ баяғыдан бері қытай медицинасында диагностикалық құрал ретінде қолданылып жүр. Оның түсі, өлшемі, жағдайы бойынша түрлі ауруларды анықтауға болады екен. Солардың бірі – бүйрек ауруы. Құлағы қалыпты өлшемнен кіші адамдар анасының жатырында болғанда қажетті заттарды толықтай қабылдап үлгермеген, нәтижесінде иммунитеті осал, құлақтары дамымай, кіші болып қалған деп есептеледі. Иммунитеттің нашар болуы бірінші кезекте бүйрек пен жүрекке әсер етеді.
Дәрігер мамандар әйел бөкселерінің өлшемі мен есте сақталу қасиетінің арасында тосын байланысты анықтады. Зерттеуге 65-79 жас аралығындағы 8000 әйел қатысты. Нәтижелер бойынша, еске сақтау қасиеті бөкселері үлкен, жалпы артық салмағы бар әйелдерде нашар болып шықты. Мамандардың айтуынша, бөксе және іш маңындағы артық салмақ, яғни май еске тікелей әсер етеді.
Бірақ бөкселеріңіз тым кішкентай болуы да пайдалы емес. Тар бөкселі адамдардың жүрек-тамыр ауруларына шалдығу мүмкіндігі жоғары. 3000 адам қатысқан зерттеу нәтижелері бөкседегі майдың болмауы майлы қышқылдардың қанға бос өтіп, ішкі мүшелерде жинақталуының себебі бола алады екен. Бөкседе май мен бұлшық еттің аз шоғырлануы инсулинге сезімталдықты жоғарылатады.
Жалғасы бар...
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: havenob.com