- Негізгі бет
- Денсаулық
- "Денсаулық мемлекеттік бағдарламасы":...
"Денсаулық мемлекеттік бағдарламасы": Медицина этикасы
Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасында денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыру шараларын жасау қарастырылған. Ауырып ем іздеп барған жанға алғаш болып көмек қолын созатын жан медициналық қызметкер екені анық. Осыған байланыты, аталған бағдарламада халық пен медициналық қызметкер арасында қарым қатынасты қамтамасыз ету үшін ұлттық медицина қызметкерлерінің медициналық этикасы мен коммуникативтік дағдыларын дамыту бағдарламасы әзірленетіні айтылған.
Әрбір кәсіптік сала этикасы секілді медицина бағытының да өзіне тән әлемдік санатта этикасы қалыптасқан. Оны ғылыми тілде деонтология деп атайды.
1982 жылы 18 желтоқсанда БҰҰ Денсаулық сақтау саласының мамандарына жүктелетін міндерттерді атап көрсете отырып, этикалық Конвенция қабылдаған болатын.
1 — қағида
Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, атап өткенде дәрігерлер уақытша тұтқындалған немесе абақтыда өз мерзімін өтеп жатқан адамдарға өзгелермен бірдей дәрежеде физикалық және психикалық түрде көмек көрсетуі тиіс.
2 — қағида
Адамды бопсалау, жазалау мақсатында адам денсаулығына қасақана немесе жанама түрде зиянын тигізген жағдайда не тигізуге тырысқан жағдайда халықаралық құжаттар негізінде медициналық этиканы бұзады.
3 — қағида
Физикалық не психикалық денсаулықты сақтау не қадағалау, зерттеу мақсатынан бөлек тұтқында отырғандармен кәсіби қарым –қатынас орнатқан жағдай медициналық қызметкерлер, соның ішінде дәрігерлер медициналық этика ережелерін бұзады.
4 —қағида
Денсаулық сақтау қызметкерлері, соның ішінде дәрігерлер медициналық этиканы бұзады, егер:
а) тұтқында отырғандарды тергеу жұмысында өз білімі мен тәжірибесін қолдану арқылы, олардың физикалық және психикалық денсаулығына залалын тигізген жайдайда;
b) адамның денсаулығына айтарлықтай зияның тигізетін қанау, жазалау жұмыстарына қатысты болса.
5 — қағида
Төтенше жағдаларды есепке алмағанда, жоғары аталған қағидалар дәрігерлердің міндеті ретінде жүктеледі.
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің басты қаруы — олардың білімі мен тәжірибесі. Одан бөлек, олардың этикалық білімі. Егер өз ісінің жауапркершілігін ұқпаса, кейін бармақ тістеп қалуы ғажап емес.
Т. Есқали