- Негізгі бет
- Денсаулық
- Денсаулық керек болса,...
Денсаулық керек болса, бұйым ауыстырыңыз
Пайдаға аспай қалған нәрсені де басқа іске жаратқымыз келіп тұратын халықпыз. Бір кезде керек боп қалар деп қоқысқа көп зат тастамай, сақтап жүре беретін әдетіміз бар. Алайда кей нәрселер пайдасын емес, зиянын тигізеді. Ол не болды екен? Көңіл аударайық.
Пластикалық ыдыс
Көптеген адам пластикалық ыдысты наборымен сатып алып, айына-жылына бір рет қана қолданады. Оның құрамындағы поликарбонат көзге көрінбей, бірте-бірте тағамға енеді. Осылай денсаулыққа зиян тигізеді. Дәрігерлер пластмассадан жасалған ыдыстарды бір-екі ай сайын ауыстырып тұру керегін ескертеді.
Ауа тазартқыш
Ауа тазартқыш құрамында иіс ұзақ сақталуына арналған фталат бар. Фталат зияны бұрында дәлелденіп қойған.
Ескі кроссовка
Кейде жанға жайлы, жақсы көретін нәрсеміз болады. Қанша ескірсе де, істен шықпағандай көрініп, тастағымыз келмейді. Ал ескі кроссовка амортизациялық қасиетін жоғалтады да, буындарыңызға зақым келеді.
Тіс щеткасы
Тіс щеткасымен екі-үш апта тіс жуған соң, оны басқа іске қолдануға болады. Стоматологтар тіс щеткасын бір айда екі-үш рет ауыстырып тұруды ұсынады. Одан ары пайдалана берер болсаңыз, қызыл иекке зиян келіп, тіл эмалі бұзылады.
Ыдыс ысқышы
Ыдыс жууға арналған ысқыш бактерияларды тез сіңіреді. Оны кем дегенде аптасына бір рет жаңасына ауыстырып тұрмаса, жуған ыдысыңызға бактерия жұғып, кір ыдыстан айырмашылығы аз болады.
@. @assel_assanova