- Негізгі бет
- Денсаулық
- Денсаулығыңызға пайдалы тағамдар...
Денсаулығыңызға пайдалы тағамдар
1. Авокадо
Мексика елінің зерттеушілері аптасына 3-4 рет авокадо жейтін адамдардың қанындағы холестерин мөлшері 17% дейін төмендейтінін анықтады. Оны кішкентай бөліктерге бөліп бутерброд етіп немесе түрлі салатқа турап жеуге болады.
2. Дәнді-дақыл өнімдері
Нан, күріш, сұлы жармасы, қарамық ботқасы секілді дәнді-дақыл өнімдері ағзадағы артық холестериндерді сыртқа шығарады.
3. Лосось немесе басқа да майлы балықтар
Скумбрия, тунец, майшабақ сияқты майлы балықтар омега-3 майлы қышқылына өте бай. Аптасына екі рет майлы балықтарды тұтынсаңыз, жүрек аурулары және холестерин мөлшерінің көбеюінің алдын аласыз.
4. Қояншөп
Қояншөп – күретамырды тазалайтын ең керемет өсімдік болып табылады. Оның құрамында тамыр қабынуы мен артериялық қысымға қарсы көмектесетін фолат саны өте көп. Сл себепті қояншөпті «табиғи дәрі» деп те атайды. Оны тұздалған суға бірер минут қайнатып, үстіне ерітілген кілегей майын немесе зәйтүн майын шашып, гарнир ретінде ұсынуға болады.
5. Анар
Анардың құрамында түрлі жарақаттарға жақсы көмектесетін фитохимиялық заттар көп. Сонымен қатар анар шырыны тамыр жолдарын кеңейтіп, тамырдағы қанның жүруін жақсратады.
6. Брокколи
Брокколи К дәруменіне бай. Ол сүйектеріңізді қатайтып, холестерин мөлшерін қалыпқа келтіреді. Оған қоса брокколиде жасұнықтар да жетеді. Олар қан қысымыңызды жақсартады. Оны сорпамен бірге немесе гарнир етіп тұтынсаңыз болады.
7. Куркума
Куркума дәмдеуіші қабынуға қарсы керемет әрекет етеді. Өйткені оның құрамында куркумин бар. Ол артериядағы майлы заттардың мөлшерін 26% дейін төмендетеді. Куркуманы бірінші де, екінші де тағамға қосып жеңіз немесе сүтке араластырып ішсеңіз болады.
8. Құрма
Алмаға қарағанда құрманың құрамында жасұнықтар мен антиоксиданттар екі есе көп. Ал бұл пайдалы заттар сізді холестерин мен ішкі аурудардан аман сақтайды.
9. Мүкжидек
Мүкжидек жаман холестерин деңгейін төмендететін калий элементіне өте бай. Және бұл жемісті күнделікті тұтыну арқылы жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алуға болады.
10. Саумалдық
Саумалдықта көп кездесетін калий мен фолиевалық қышқыл қан қысымын түсіруге көмектеседі. Сонымен қатар зерттеу жұмыстары барысында саумалдықтың жүрек ауруларына қарсы көмектесетіні анықталды. Қыс мезгілдерінде оны омлет, салат, пасталарға қосып жеуіңізге болады.
Ж. Исакаев