Шөптен жасалатын шайлардың, құрамында пайдалы элементтері көп шырындардың адам денсаулығына пайдасы көп екенін барлығыңыз жақсы білесіздер. Сол себепті сіздердің назарларыңызға түрлі аурудың алдын алатын бір топ сусын түрін ұсынып отырмыз.
1. Су: зиянды заттардың бәрін сыртқа шығарып, асқазанның жұмысын жақсартады. Сонымен қатар буындар мен қан тамырларына пайдасы мол. Күніне кем дегенде 2 литр су ішуіңіз керек.
2. Анар шырыны: жүрек және қан тамырларының қызметін жақсартады және гипертония мен анемия ауруларының алдын алады.
3. Жалбыздан жасалған шай: бұл сусын түрі асқазан сөлі қышқылының артуынан сақтайды. Сонымен бірге қан қысымыңыз көтерілгенде, күйзеліске түскенде, ұйқысыздыққа ұшырағанда көмектеседі.
4. Айран: ас қорыту жолдарын тазалауға жақсы.
5. Алма шырыны: бауырыңыз бен бүйрегіңіздің және қуық қалбыршағыңыздың қызметін реттеуге көп әсер етеді.
6. Мүкжидек морсы: бұл иммунитетіңізді нығайтып, көтеріңкі көңіл күй мен керемет күш-қуат сыйлайтын сусын.
7. Түймедақ шайы: бактерияға қарсы белсенді күресетін шай. Оған қоса жүйке жүйеңізді тыныштандырады.