- Негізгі бет
- Денсаулық
- Денім сау болсын...
Денім сау болсын десеңіз
Бізді қоршаған, біз қоршаған әр нәрсенің де екі сипаты болатыны ақиқат қой. «Мынау былай деді»,«Анау былай деді»,-деп қашанда екі ойда жүреміз. Кімнің ақылын тыңдайтынымызды да білмей қаламыз. «Пиво — семіртеді екен ғой, вино — қан көбейтеді, ал, темекі — жүйкені ретке келтіреді»,-дейтіндер көптеп кездеседі. Бұл — оның пайдасы болар, екі есе зиянынан да маңыздырақ. Сондықтан әрқашан екі жағын да бірдей таразылау керек.
Сіз мына суретке қарап, «бұған қалай екі жақты қараймын?»-деуіңіз мүмкін, әрине, домалақ нәрсенің екі жағы болмайды ғой. Осы бір керемет дүнинің пайдасы мен зиянын атап көрсетейік.
Пайдалы жағы: «Күніне бір алма жесең, дәрігердің қажеті шамалы». Алманың құрамында ағзаға қажет С, В1, В2, Р, Е витаминдері кездеседі, қан айналым жүйесін ретке келтіреді. Ішкі органдардың жақсы жұмыс істеуіне септігін тигізеді, әсіресе, көздің көру қабілетін арттырады. Адамның өмір сүру жасын да ұлғайтады. Ағзаны ауыр металлдардан тазартады. Алмадан көптеген шырындар жасайды. Ұмытып барады екенмін алма сұлулықты, жастықты сақтайтын көрінеді. Сондықтан болар ақын-жазушылар «Алма жүзді»,«алма мойын» дегендей сөз тіркестерін көптеп қолданады.
Зиянды жағы: қарапайым пайдасыз тұсы — алманы жумай жейтін болсаңыз, кез-келген аурудың тууына ықпал етеді. Алмадан шарап жасайды(көп адамдар пайдалы деп тапқан сусын). Алма қотыры, ақ ұнтақ, колит сынды аурулар тудыруы ықтимал. Сондықтан жейтін алманы байыптап жеген жөн.
Алманың 36 түрінен бізге белгілісі — апорт. Алматы мен апорт атауын қатар қолданатынымыз белгілі. Апорт алмасы уақыт өткен сайын сиреп, азаю үстінде. Сондықтан, апорт өсіретін ұйымдар жекешелендіріліп, алманы тек шет елдерге экспорттайды.
Алма жеп денсаулығымызды жақсартайық. «Алматының апорттарын-ай» — деп химиялық қосылыстардан түзілген алма жеп, қор болып жүрмеңіздер.