Дене мүсінін жақсартатын пайдалы әдеттер

Остеопатия жағынан қарайтын болсақ, дене мүсінінің дұрыс болуы — ішкі органдардың қызмет етуінің маңызды шарты, себебі олар омыртқаға бекітілген. Арқа қисайған кезде олар қысылады және көкірек қуысы мен асқазан-ішек жолы органдары қиналады.

Ағза 95%-ға дейінгі энергияны тіке жүруге жұмсайды, ал басқа жүйелердің қызмет етуіне, соның ішінде жүрек пен ми жұмысына тек 5% энергия қалады. Арқаңызды тік ұстап отырсаңыз, жұмыс істеу оңайырақ болады. Әркез иық төмен түсіп бара жатқан кезде осы жеңілдік жайлы есіңізге түсіріп тұрыңыз.

Дауыс тереңдігі мен бет сұлулығы да дене мүсінімен тікелей байланысты. Себебі қисайған омыртқа диафрагманың қысылып қалуына әкеледі, ал кернеу бас сүйекке беріледі. Бұл бастан көктамырлық ағудың бұзылуын шақырады және тіпті, бет асимметриясын тудырады.

Дене мүсінін жақсартуға қандай әдеттер көмектеседі?

Сапалы демалыңыз

Ол үшін жақсы жастық пен матрас алыңыз. Оларды таңдау кезінде мынаны ескеріңіз: жастық бас пен арқаға бір жазықтықта жатуға мүмкіндік беруі керек, ал матрас тегіс және қатты болуы қажет.

Арқамен еңкеймеңіз

Еденнен бірдеңе көтерерде арқаны емес, аяқты бүгіңіз. Сол кезде күш аяққа түседі.

Жиі созылыңыз

Ең қарапайым және тиімді әдет — таңертеңнен созылу. Ал егер арқаны күні бойына жиі созсаңыз, тіпті, жақсы. Мысалы, күндіз йоганың созылуға арналған жаттығуларын жасаңыз, ал ұйықтарда омыртқаны босаңсытуға арналған жаттығуларды орындаңыз. Егер ешқандай арқа проблемасы болмаса, омыртқаны босаңсытуға валик қолдануға болады.

Жүзіңіз

Су денеге бірқалыпты жүктеме түсіреді, нәтижесінде омыртқа түзу болып созылады. Бұл сондай-ақ бұлшықеттерді еш зиянсыз қатайтудың жақсы әдісі.

Су ішуді ұмытпаңыз

Омыртқа өзінің басты міндеттерін орындауы үшін және иілгіш болып қалуы үшін омыртқааралық кеңістікке су керек. Сондықтан көбірек су ішуді ұмытпаңыз.

Гаджеттерді жақсы көретіндер үшін лайфхак

Күнде кешкісін төсекте жатып бірдеңе оқисыз немесе фильм көресіз бе? Ендеше, ішпен жатып, кеуде астына жастық қойыңыз. Бұл дене күйі омыртқаға жағымды әсер етеді.