- Негізгі бет
- Денсаулық
- Дене массасының индексі...
Дене массасының индексі
Дене массасының индексі — адамның дене массасының бойына шаққандағы шама. Ол салмағыңызға баға беріп, "Маған арықтау керек пе?" деген сұраққа жауап береді.
Дене массасының индексі мына формула бойынша анықталады.
,
мұндағы:
- m — дене массасы килограммда;
- h — бой ұзындығы метрде.
Бұл шаманы 1869 жылы бельгиялық социолог және статистик Адольфом Кетеле ойлап тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дене массасының индексінің мынандай түсініктемесін ұсынып отыр.
Дене массасының индексі | Мағынасы |
---|---|
16 және одан төмен | Массаның аса дефициті |
16 - 18.5 | Масса дефициті |
18.5 - 25 | Қалыпқа сай |
25 - 30 | Қалыптан артық |
30 - 35 | Бірінші дәрежелі семіздік |
35 - 40 | Екінші дәрежелі семіздік |
40 және одан жоғары | Үшінші дәрежелі семіздік |
Дене массасының индексі арқылы адам салмағының артықтығы туралы пікір айту дұрыс емес. Мысалға, спортшылардың дене массасының индексінің жоғары болуы бұлшық ет массасының жоғарылығымен түсіндіріледі.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша 25-27 аралығындағы шамаға тең дене массасының индексі бар адамдардың ғұмыры басқаларға қарағанда әлдеқайда ұзын.
Сондай-ақ қалыпты массаны анықтау үшін басқа да индекстер қолданылады:
- Брок индексі 155-170 см бойлы адамдар қолдана алады. Қалыпты салмақ = (бой ұзындығы [см] — 100) — 10.
- Брейтман индексі. Қалыпты салмақ = бой ұзындығы [см] • 0,7 — 50 кг.
- Давенпорт индексі. Салмақ [г], квадратталған бой ұзындығына бөлінеді [см]. Мәні 3,0-ден жоғары шықса, салмағыңыз артық екенің көрсетеді.
- Ноорден индексі. Қалыпты салмақ бой ұзындығы [см]• 420/1000.
- Татон индексі. Қалыпты салмақ = бой ұзындығы-(100+(бой ұзындығы-100)/20)
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: jianfei.fh21.com.cn
С. А