Дельфинді ой-өрісіне байланысты "теңіздің адамдары" деп те атайды. Осынау жұмбақ тіршілік иесін ғалымдар мыңдаған жыл бойы зерттеген. Ежелгі заманда адамдар дельфин рухани құлдыраған жандарға көмектесе алады деп сенген. Бұл – бос сөз емес. Бүгінгі медицина дельфинмен қарым-қатынас жасаған адамның көп ауруынан айығатынын мойындап отыр. Дельфин психологиясында ауытқуы бар, жүйке жүйесі бұзылған және күйзеліске түсіп, шыға алмай қалған науқастарға жақсы көмек береді. Дельфинотерапия тіршілік иесінің адам жанына ықпал етуін негізге алады.
Дельфин – ашық, мейірімді жануар. Бассейнге дельфинмен бірге түскен науқастың жаны жайланады. Оңай жаттығуларды теңіз жануарымен бірге жасаған адам ерекше әсерге бөленеді.
Дельфин өзгеше дыбыс шығара алатын тіршілік иесі болғандықтан, бұл дыбыс та науқастың жанын емдеуде таптырмас көмекші. Дельфин шығаратын ультрадыбыс адам ағзасындағы барлық жасушаға әсер етеді. Дыбыс шыққан сайын науқастың ағзасына пайдалы заттар тезірек еніп, қан айналым жүйесі жақсарады.