Тайландтың солтүстік-шығысындағы Исан аймағында шикі балықтан дайындалған салат көптеп тұтынылады. Дәрігерлер балықты шикідей жеу денсаулыққа өте зиян екенін айтып дабыл қағуда. Себебі құрамында шикі балық болатын тай тағамы адамның бауырында қатерлі ісіктің пайда болуына алып келеді.
Айта кетсек, Тайланд теңіз жаңасындағы ел болғандықтан, мұнда балық өнеркәсібі жақсы дамыған. Ал өзендер мен көлдерде ауланатын майда балықтар koi plaa деп аталатын жергілікті тағам дайындауда қолданылады. Аталған салатты дайындау күрделі емес. Балықты әртүрлі көктермен араластырып, лайм шырынына малиды. Сосын қызыл құмырсқаларды тірідей араластырады.
«Біз соңғы отыз жыл бойы балықтың қатерлі ісікке қандай байланысы бар екенін зерттеп келеміз. Шикі балықтың ферменттері бауырдың ішінде паразитті құрттың пайда болуын үдетеді. Ал ағзаның ішінде дами бастаған тіршілік иесі адамның иммундық жүйесіне дем беретін химиялық үдерісті қалыптастырады. Содан кейін ол адамды қатерлі ісікке шалдықтырады», - дейді Хон Каен университеті жанындағы тропикалық ауруларды зерттейтін орталықтың дәрігері Банхоб Срипа (Banchob Sripa) BBC агенттігіне берген сұхбатында.
Айта кетсек, Исан өңірінде өмір сүретін халықтың 80%-ға жуығында қатерлі ісіктің алғашқы белгілері көріне бастаған. Тіпті төрт жасқа толмаған балалардың ішінде паразитті құрттар табылыпты. Әйкенмен де, бауыр ісігі көбіне 50 жасқа толмағандар арасында кеңінен тарайды екен. Ғалымдардың айтуынша, әзірге аурудың алдын алу мүмкін емес. Тек емдеу тәртіптерін үдемелі жалғастырып отыру керек.
Дәрігерлер Тайланд азаматтарын шикі балық жеуден арылуға шақырып келеді. Тағам дәстүрлі болса да, балықты шикідей тұтынбау денсаулық үшін аса маңызды екенін айтады. Жақында өз нәтижесін көрсеткен америкалық ғалымдардың зерттеу жұмыстары кола сусынының да қатерлі ісікке алып келетінін дәлелдеді.