Дәрумендерді ішудің пайдасы туралы мақалалар ғаламторда қаулап жүр. Алайда оларды беталды құла қабылдай берген дұрыс па? Қай уақытта ішіп, қай уақытта ішпеген жөн?
Ең алдымен, оның құрамындағы жасанды бояғыштардың, ароматизатор мен консерванттардың болмауын қадағалаңыз. Ал, қай кезде ішу керек екені туралы қазір баяндап беретін боламыз.
1. Спортпен күнде айналыссаңыз
Әдетте, спорттық тағам өндірушілер протеин коктельдерін ішуге кеңес береді, бірақ олардың орнына ет, жұмыртқа, сүт өнімдерін тұтынған дұрыс. Бұлшық етке кететін ақуыз мөлшерін төмендетіп алмас үшін дәрумендер қабылдаңыз.
2. Үнемі шаршап жүретін болсаңыз
Бұл жағдайда дәрумендер жақсы көмектесе алады. Шаршау әдетте белгілі бір заттардың жетіспеушілігінен туындайды. Мысалы, темірдің жетіспеушілігі гемоглобинді азайтады. Мұндай кезде В тобындағы витаминдер азықтан энергия алу үшін көмектеседі.
Мәселен, анализ тапсырғаннан кейін темір қоспаларын, С дәруменін, сондай-ақ B2, B6 және B12 қоспасын алуға болады.
Бірақ бұл шаршаумен күресудің жалғыз жолы болмауы керек.Сондықтан маманға қаралыңыз. Шаршау синдромы ішек функциясының нашарлауынан болуы да мүмкін.
3. Өлара уақытындағы әлсіздік
Бір мезгілден екінші мезгілге ауысатын өтпелі кезең адам ағзасына өз әсерін тигізбей қоймайды. Бұл шақта керектін бәрін тек тамақтан алу мүмкін емес. Сондықтан дәрумендер ішіңіз.
4. Жиі ауыратын болсаңыз
Тағаммен бірге дәрумен қабылдау артық етпейді. D, С витаминдері мен мырыш қабылдаңыз.
5. Тері мәселелері туындаса
Витаминдер жақсы көмектеседі. Сүт өнімдері мен жоғары гликемиялық индексі бар тағамдар бөртпе тудыруы мүмкін. Оларға мырыш, сондай-ақ диеталық талшық төтеп бере алады.