Дәрінің бәрі пайдалы емес...

Дәрінің бәрі пайдалы емес, зияндысы да бар. Ақ пен қараны анықтау үшін сіздердің көздеріңізді мынаған жеткізгіміз келеді:

Ұйқысыздыққа қарcы дәрі

Көбіміз ұйқысыздыққа қарсы дәрі сау ұйқының бөлігі болып табылатын ағзаның қалыпты дамуына қаншалықты қауіп тигізерін білмейміз де. Бұл дәрі бізді рахатқа батырып ұйқыны тездеп «шақырып» алуға көп көмегін тигізер, бірақ зияны шаш етектен. Осындай дәрілер адам ағзасына тез әсер етіп, көп жағдайда рактың жеңіл түрлеріне және ерте өмірден өтуге әкеп соқтырады.

Одан да...

Одан да сіз ұйқыны бұзар алкогольді сусындардан, кофеиннен, марихуана сынды есірткілерден аулақ болыңыз! Ұйқысыздыққа қарсы дәріні қолданғанша, орнына дәрілік шүйгіншөп (валерьянка) ішсеңіз болады. Өйткені ол зиянсыз. Сонымен қатар физикалық жаттығумен айналысу тиімді.

Бас ауруына қарсы дәрілер

Бас ауруына қарсы дәрілерді қолданамын деп жүріп басыңыздың ауруын одан әрі өршітіп жүрмеңіз. Өйткені созылмалы бас ауруларына қарсы дәрі-дәрмектер денсаулыққа екі есе зиянды. Әңгіме аспирин мен парацетамол жайында. Зерттеу нәтижесінде 200 адам осы дәрілерді қолданғанда өздерін бұрынғыдан да нашар сезінгенін айтқан.

Одан да...

Бас ауруын басу үшін түрлі хиропрактикалар жасауға болады. Сонымен қатар массаж бен физикалық жаттығулар да сізді бұл қиын жағдайдан шығарады.

Буын қабынуына қарсы дәрі

Бұл дәрі буынның бұзылуына әкеледі. Құрамында NSAIDS и COX-2 ингибаторы бар буын қабынуына қарсы дәрі ауру адамның денсаулығын одан әрі асқындырады.

Одан да...

Глюкозамин сульфатын қолданып та осындай аурудың бетін қайтаруға болатынын айтқымыз келеді.

Антидепрессанттар


Депрессияға қарсы дәрілер семіздікке алып келерін біле жүргейсіз. Өйткені мұның құрамында артық майдың жиналуына әсер ететін құрам бары анықталған. Емделушілердің өздері байқаған бұл құбылыс та дәлелсіз емес.

Одан да...

Шайқурай (зверобой) ем шөбін қолдану арқылы да депрессияға төтеп беруге болады. 

Күн сайын дәріге арналған қобдишаға қолды саларда жақсылап ойланып алғайсыз! Аурудың бірін емдеймін деп екіншісін басыңызға тілеп алмаңыз.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: liveinternet.ru, klbviktoria.com