Америкалық ғалымдар тәулігіне бір рет ішімдік ішу ағзаның COVID-19-ға төзімділігін арттыратынын айтты. Алайда ресейлік мамандар бұл мәлімдемеге келіспейді. Бұл туралы Gazeta жазды.
Америкалық сарапшылар пікірінше, ғылыми экспериментке қатысушылар күніне орта есеппен бір стакан алкоголь ішкен. Олар вирус тасымалдаушысымен байланыста болғанда вирус жұқпаған. Бұл ретте іс жүзінде ішімдік ішпегендер вирус жұқтырған. Бірақ ресейлік сарапшылар мұндай "алдын алу шарасының" пайдасынан гөрі зияны көп екеніне сенімді. Сарапшылар алкогольді күнделікті, тіпті аз мөлшерде ішу қауіпті болуы мүмкін дейді.
"Корсаков" медициналық орталығының бас дәрігері, нарколог Алексей Казанцев кез келген ішімдік иммунитетті жақсартатынына күмән келтірді.
"Бұл әлі дәлелденген жоқ. Менің тәжірибемде бұл, керісінше, инфекциядан табиғи қорғанысты нашарлататынын нақты айта аламын", - деді дәрігер.
Ол тәуелділіктен емделіп жүрген адамдарда пневмонияға шалдығу жиі кездесетінін айтты.
"Сонымен қатар, ішімдіктен қайтыс болғандар да көп. Алкогольді күнделікті тұтыну, тәуелділік қаупін тудырады", - деді нарколог.
"Профмед" клиникасының бас дәрігері Еркен Иманбаевтың пікірінше, медициналық тұрғыдан алғанда, алкоголь ішуге арналмаған.