Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері қалалық жол полицей қызметкерлеріне жаралы жанға алғашқы медициналық көмек көрсету жайлы кеңес беріп, оны тәжірибе жүзінде жүзеге асыруды үйретті.
Дәрігерлер полицейлерге оқиға орнында өкпе реанимациясын жасау, қанды дер кезінде тоқтату, жараны уақытында таңу сынды әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде көрсетті.
- Статистика бойынша, жол-көлік апаты кезінде алғашқы 10 минутта медициналық көмек дер кезінде көрсетілсе, жарақат алғандарды құтқаруға мүмкіндік зор, - дейді дәрігерлер. Ал алғашқы медициналық көмек кеш жасалса, жаралы адамның өміріне қауіп көп. Алғашқы көмек көрсетуді кез келген адамның жете білуі де қоғам үшін маңызды.
№4 қалалық клиникалық аурухана ұжымы алдағы уақытта халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары мен әуежай қызметкерлеріне де осындай дәрістер өткізбек.
Полиция қызметкерлері кеңес алып қана қоймай, өз біліктерін тәжірибе жүзінде де көрсетті.