Неміс дәрігерлері галстук тағудың бас мидағы қан айналымына кері әсер ететінін анықтады. Зерттеудің нәтижелеріNeuroradiology журналына жарияланды. Шлезвиг-Голштейн университеттік ауруханасының мамандары галстук мойындырық көктамыры менұйқы күретамырын қысып, ағзаға кері әсер етеді деген тұжырымға келді. Зерттеу жұмыстарына 30 адам қатысты. Олардың жартысына галстук тағылып, магнитті-резонансты томография жасалды. Қалғандары да тексеруден өтті, бірақ галстуксыз. Зерттеу нәтижесінде галстуктың мидағы қан айналымды айтарлықтай төмендететіні анықталды. Дәрігерлер мынадай мәселені көтеріп, дабыл қағып отыр: көптеген компаниялар мен мамандық иелеріндедресс-код міндеттелген және оның ішінде галстук пен жағалы жейде бар. Алайда жұмыс берушілер олардың зиянды екеніне бас қатырмайды. Дереккөз:ria.ru