- Негізгі бет
- Денсаулық
- Дәрігер ыстық күнде...
Дәрігер ыстық күнде кімдерге квас ішуге болмайтынын айтты
Күн ыстықта ең пайдалы сусын қарапайым ауыз суы. Одан бөлек түрлі сусындар бар. Соның бірі – дәмді газдалған квас. Бірақ квастың пайдасы мен бірге зияны да бар. Иммунолог Елена Парецкая қандай адамдарға квас ішуге болмайтынын Доктор Питерге берген сұхбатында айтып берді.
Квастың пайдасы
"Негізінде квас өте пайдалы. Оның жағымды сергітетін дәмі бар, зат алмасуды жақсартады, жүрек-тамыр және ас қорыту жүйесіне пайдалы әсер етеді. Сусынның құрамында сүт және сірке қышқылдары бар, сондықтан ол шөлді жақсы басады", - дейді маман.
Квастың төмен энергетикалық құндылығы бар: 100 граммда 27 калория бар. Сондай-ақ сусынның құрамында көмірқышқыл газы бар. Ол тағамның қорытылуын және оның сіңуін жеңілдетеді, тәбетті арттырады. Белсенді өмір салты мен спортпен айналысу арқылы салмағын жоғалтқысы келетін адамдар үшін квас жаттығуға дейін және жаттығу кезінде пайдалы болады, өйткені ол денеге майларды бөлуге көмектеседі.
Квас туралы тағы бір жағымды факт: сусынның құрамында В1, Е және А дәрумендерінің көп мөлшері бар. Дәл осылар шашты, тырнақты нығайтуға және терінің күйін жақсартуға көмектеседі.
Дегенмен, кейбір адамдар квастан бас тартуы керек. Бұл сусынның пайдасымен бірге зияны да бар.
Кімге квас ішуге болмайды?
"Квас ашытқы өнімі, сондықтан оны ашытқы мен зеңге аллергиясы бар адамдар тұтынбауы керек", - дейді Елена Парецкая.
Аллергиядан зардап шегетін адамдар да квастан бас тартқаны жөн.Бұл сусынның тағы бір жағымсыз әсері теріде бөртпе пайда болады. Асқазан-ішек жолдары да зардап шегетін адамдар да квасты ішпегені дұрыс. Себебі ол диарея тудырады.
Т. Раушанұлы