- Негізгі бет
- Денсаулық
- Дәрігер теріде байқалатын...
Дәрігер теріде байқалатын коронавирус симптомын атады
Онкодерматолог Екатерина Вертиева COVID-19 тері ауруларының өршуін тудыруы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Маман коронавирустың "омикрон" немесе "дельта" сияқты әртүрлі штаммдарында бірдей дерматологиялық белгілер байқалатынын айтты.
"Коронавирус кезінде науқаста эритема жиі кездеседі. Бұл теріде кең таралған қызыл дақтардың пайда болуы. Ауыз қуысының шырышты қабатында сирек жағдайда көпіршікке ұқсас дақтар пайда болады", - деді Вертиева.
Маманның айтуынша, есекжем коронавирустың екінші жиі кездесетін дерматологиялық симптомы. Бұлардан басқа коронавируспен ауырғанда пайда болатын тері аурулары бар.
"Коронавирустың өзі тері ауруларының өршуін тудыруы мүмкін. Науқас бұрын ауырмаған болса да алғаш рет псориаз немесе ақтаңдақпен ауыратын көптеген науқастарда коронавирус жұқтырғанда атопиялық дерматиттің өршуін көреміз", - деп түсіндірді Вертиева.
Маман сонымен қатар сирек жағдайларда COVID-19-бен ауырған науқастарда тері тамырларының зақымдануы (васкулит) болуы мүмкін екенін айтты.
А. Оралқызы