Ресейлік гастроэнтеролог Инна Мазько шұжықтағы майлар ағзаға жақсы әсер ететінін айтты.
Оның айтуынша, шұжықтың құрамында пайдалы дәрумендер өте көп. Сарапшы олардың табиғи өнім екенін айтады.
"Май және ет өнімдерінен жасалған табиғи шұжықтар - энергия мен ақуыздың нағыз көзі. Шұжықтар түрлі еттерден және түрлі қаннан жасалады, сондықтан олардың ағзаға әсері де әртүрлі болады", - дейді гастроэнтеролог.
Мысалы, шұжықта темір көп, яғни шұжық анемияны жеңуге көмектесіп, қан жоғалтқан жағдайда азғаға жақсы әсер етеді дейді. Құс етінен немесе диеталық сиыр етінен жасалған шұжықтың құрамында май аз, сондықтан ол шұжықтардың жүрек-тамыр жүйесі мен асқазанға зиян тигізбейтіні айтылады.