Қартайғанша байсалды болғыңыз келсе, нені және қалай ішетініңізге назар аударыңыз. Және бұл алкогольдік сусындарға ғана қатысты емес. Мидың саулығы үшін жасалатын кез келген нәрсе – ұзақ өмір сүруге салынған инвестиция.
Қартайған сайын миымыз табиғи түрде өзгереді. Ол кішірейеді, салмағын жоғалтады. Бұл жадтың жоғалуына, жаңа дағдыларды меңгерудегі қиындықтарға әкелуі мүмкін. Белгілі бір деңгейге дейін мұндай жасқа байланысты өзгерістерді қалыпты деп санауға болады.
Сіздің күнделікті жейтін тағамыңыз бен ішетін сусыныңыз мидың күйіне тікелей әсер етуі мүмкін. Қандай ішімдік мидың қартаюын тездететінін анықтайық.
Көк шайдан бас тарту
Қартайғанша сау болғыңыз келсе, көк шайды ішуді әдетке айналдырғаныңыз абзал. Көк шай ішу қартайған кезде когнитивті бұзылу қаупін төмендететінін дәлелдеген зерттеулер бар. Көк шай есте сақтауды нығайтады.
Мас болғанша алкаголь ішу
Алкоголь денсаулықты жақсартпайтынын бәрі біледі. Бірақ егер сіз мас болу үшін әдейі көп ішсеңіз, бұл одан да зиянды.
«Алкогольдің жоғары деңгейі ми нейрондарын тез өлтіруі мүмкін, сондықтан мас болу үшін тым көп ішу мидың зақымдануына әкеледі», - дейді дәрігер Уильям Ли.
Қантты сусындарды ішу
Қантты абсолютті зиян деп санауға болмайды – бұл біздің денемізге қажет. Дегенмен, сіз үнемі тәтті лимонадтарды немесе шырындарды ішетін болсаңыз, уақыт өте келе бұл әдет қант диабетінің дамуына әкелуі мүмкін. Ауру ми тамырларының тарылуын тудырады.
Су ішпеу
Дәрігерлер суды жеткілікті мөлшерде ішу қажеттілігін еске салады Сусыздану бізді шаршатады, ақыл-ойдың өткірлігін төмендетеді және жалпы танымдық қабілеттерге теріс әсер етеді.
Түнде бір стақан шарап ішу
Көптеген адам жұмыстан кейін кешке бір стақан шарап немесе бір бөтелке сыра ішеді. Және олар өздерін маскүнем адамдар қатарына жтқызбайды. Тіпті алкогольдің мұндай мөлшері миыңызға зиян тигізуі мүмкін.
Тым көп кофе ішу
Қалыпты жағдайда бұл қуаттандыратын сусын жүрек пен қан тамырларына өте пайдалы. Сонымен қатар, кофе Паркинсон және Альцгеймер ауруларының даму қаупін азайтады.
Бірақ сіздің ұйқыңыз кофеиннің артық болуынан зардап шегеді, бұл ми жасушаларын тезірек қартайтады.
Аш қарынға алкаголь ішу
Алкогольмен байланысты тағы бір өте жаман әдет – аш қарынға ішу. Дәрігер Ли атап өткендей, аш қарындағы алкоголь қанға өте тез сіңіп, бір жұтымнан кейін 5-10 минут ішінде мида жиналады.