Медицина ғылымдарының докторы, диетолог Михаил Гинзбург суық мезгілде ағзаға қанша сұйықтық қажет екенін және шөлдегенде қандай сусындар ішуге болмайтынын айтты. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Суық мезгілде терден бөлінетін сұйықтық мөлшері азаяды да ағза бұрынғыдай көп мөлшерде су қажет етпейді. Бірақ ауа температурасына байланысты су ішу режимін әдейі өзгертудің қажеті жоқ", - дейді Гинзбург.
Оның айтуынша, бұл мәселеде денсаулығыңызға назар аударып, су құйылған ыдысты әрқашан өзіңізбен бірге алып жүруіңіз керек.
"Адам суды қажеттілігіне қарай ішеді. Бірақ, судың қажет екенін жиі есте сақтауға тырысу керек. Су әрқашан көз алдыңызда тұрсын. Тек, жүрек және бүйрек аурулары бар адамдар ғана тұтынатын сұйықтық мөлшерін дәрігердің ұсынысы бойынша мақсатты түрде азайтуы қажет", - дейді маман.
Гинзбургтың айтуынша, шөлдегенде қарапайым су ішкен дұрыс. Басқа қолайлы сусындар көк шай және қантсыз жидек сусындары. Минералды су ағзадағы су балансын сақтау үшін жарамды, бірақ барлығы емес.
"Минералды суға судың кейбірі дені сау адамға зиянын тигізуі мүмкін", - деп ескертті дәрігер.
Шөл қандыру үшін сүтті немесе қантты сусындарды пайдаланудың қажеті жоқ, өйткені мұндай өнімдерде қосымша калория бар, деп атап өтті Гинзбург.
Дәрігіердің айтуынша қыста сусындардың температурасына ерекше назар аудару қажет.
Айта кетейік, испаниялық диетолог Анжела Морено La Vanguardia басылымына берген сұхбатында ішкі ағзалардың айналасында қауіпті висцеральды майдың, соның ішінде бауырға майдың жиналуына ықпал ететін тағамдарды атаған болатын.