- Негізгі бет
- Денсаулық
- Дәрігер кімге қызыл...
Дәрігер кімге қызыл уылдырық жеуге болмайтынын айтты
Гастроэнтеролог Сергей Логинов үш жасқа дейінгі балалардың асқазан-ішек жолдары толық қалыптаспағандықтан уылдырық жеуге болмайтынын айтты. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Маманның айтуынша, уылдырық жас балаларға өте қиын өнім, оны баланың асқазаны көтере алмайды. Логинов сонымен қатар ересектерге консерванттарсыз жеңіл тұздалған уылдырықты таңдауға кеңес берді.
"Уылдырық аллергия тудыруы мүмкін, сондықтан балаларға бермес бұрын педиатрмен кеңескен артық болмайды", - дейді дәрігер.
Гастроэнтеролог қызыл уылдырықты көп жеуге болмайтынын ескертті, өйткені оның құрамында тұз бен консерванттар көп, бұл денеде ісіну тудыруы мүмкін. Ол қолайлы норма ретінде күніне екі-үш шай қасық жеу керек екенін ескертті.
Дәрігер сондай-ақ, уылдырықтың пайдалы өнім екенін, оның құрамында фолий қышқылы, йод, фосфор, калий, темір, кальций, полиқанықпаған май қышқылдары, дәрумендер бар екенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін көк шай мен оолонг шайын үнемі тұтыну гипертониямен ауыратын адамдарда қан қысымын айтарлықтай төмендетенін және гипертонияның даму қаупін 65 пайызға азайтанын хабарлаған едік.
Күніне жарты кесе шай ішу қан қысымының көрсеткіштеріне айтарлықтай оң әсер ететіні белгілі болды. Ғалымдар көк шай ішуді әдетке айналдырмайтын адамдарда гипертонияның даму қаупі осы әдеті бар адамдарға қарағанда жоғары екенін айтады.
Т. Раушанұлы