Қыста жеңіл бәтеңкемен жүрудің денсаулыққа зиян екенін білеміз. Ал сапалы қысқы етіктің өзін кеңсеге келгенде міндетті түрде ауыстыру керегін білесіз бе? Оның себебін жалпы тәжірибе дәрігері Анастасия Жданова doctorpiter.ru сайтына айтып берді.
Кей адамдар сыртқы келбетін ыңғайлылыққа қарағанда бірінші орынға қойып, суық мерзімнің өзінде жеңіл аяқкиім киіп жүреді. Ал біреулер кеңседе жылы етікпен отыра бергенді жақсы көреді.
Маманның сөзінше, суық мерзімде жұқа аяқкиіммен жүру салқын тиюге әкелуі мүмкін. Оған қоса, мұндай аяқкиімнен аяғыңызға су өтіп кетуі мүмкін. Бұл да денсаулыққа зиян. Кроссовка қыс мерзіміне арналған болса, оны киюге болады.
"Ғимарат ішінде қысқы етікпен отыру да жақсы идея емес. Жылы кеңседе етікпен күні бойы отырсаңыз, сізде термореттеу бұзылуы мүмкін. Аяғыңыз терлейді, ол тері мен тырнақ ауруына әкеледі. Сондықтан жұмыста ауыстыратын жеңіл және ыңғайлы аяқкиім сақтау керек", - деді Анастасия Жданова.
Сондай-ақ маман тар етікте аяқ тоңатынын айтып, қысқы етікті бір өлшемге үлкен алуға кеңес берді.