Даршын сияқты қол жетімді дәмдеуіштерді үнемі тұтынған кезде қандағы холестерин деңгейі төмендейді. Сондай-ақ, даршынның қанды сұйылтатыны, қан айналымын жақсартатыны және қан қысымын төмендететіні туралы деректер бар. Бұл туралы дәрігерлер "Доктор Питер" басылымына берген сұхбатында айтты.
Эндокринолог және медицина ғылымдарының кандидаты Татьяна Гудожникованың айтуынша, даршынның құнды қасиеттерінің бірі – жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін азайтатыны.
Сондай-ақ, бұл дәмдеуіш антиоксиданттық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие, II типті қант диабетімен ауыратын адамдарға пайдалы, қатерлі ісіктен қорғайды, вирустар мен инфекциялармен күреседі.
Гастроэнтеролог Ольга Аришева мен диетолог Надежда Ершова, өз кезегінде, даршынның барлық пайдалы қасиеттеріне қарамастан, кімдерге жеуге болмайтынын айтты.
Олардың айтуынша, даршын асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, тітіркенген ішек синдромы, бауыр мен бүйрек аурулары бар адамдарға жеуге болмайды. Дәмдеуіш қан қысымын жоғарылатуы мүмкін, сондықтан жоғары қан қысымы бар адамдар бұл өнімді тұиынғанда абай болу керек. Сонымен қатар, даршынды үш жасқа толмаған балалар мен бала емізетін аналар тұтынбауы керек.
Айта кетейік, диетолог Ирина Степная ас қорытуды жақсартуға қандай арзан өнім көмектесетінін айтқан болатын.
Оның айтуынша, күніне екі жұмыртқаның сарысын жеу асқазан-ішек жолдарының жұмысына және сүйектердің беріктігіне жақсы әсер етеді. Оны дұрыс сіңіріп, салмақ жоғалтуға ықпал ету үшін жұмыртқа сарысына көкөніс, балық, ет өнімдерін қосу керек.