- Негізгі бет
- Денсаулық
- Дәрігер денсаулыққа қауіп...
Дәрігер денсаулыққа қауіп төніп тұрғанының 7 белгісін атады
Көпшілік бір жері ауырып тұрса немесе бірдеңе мазаласа, ауырсынуды басатын дәрі ішіп алады да, ол жайлы ұмытып кетеді және оның пайда болу себебін анықтамайды. Басқаша сөзбен айтқанда, олар өз денсаулықтарына немқұрайлы қарайды. Алайда кейде ол қауіпті ауруларға айналуы мүмкін. Бұл кезде оны емдеу кеш болуы да мүмкін. Ағзадағы қандай белгілерге аса мән беру керек? Бұл сұраққа Doctorpiter.ru порталына терапевт және кардиолог Валентина Байдина жауап берді.
Жүрек тұсының ауыруы, шаншуы
Егер жүрек тұсы жүйелі түрде ауырса, жүрек соғысымен проблема болса, демікпе пайда болса немесе бас айналса, бірден кардиолог тексерісінен өткен дұрыс. Бұл нәрсеге немқұрайлы қарауға болмайды. Жүрек жұмысындағы бұзылыстар жас кезде де пайда болуы мүмкін.
Іштің ауыруы - оң немесе сол жақ
Іштің оң жақ төменгі бөлігінің ауыруы аппендициттің бастамасы болуы мүмкін. Ауруға шыдау немесе оны дәрілермен басып тастау қауіпті: бұл асқынуларға әкелуі мүмкін. Сол секілді өт қабы орналасқан жерде немесе ұйқы безі орналасқан жерде ауырсыну болуы мүмкін. Аппендицит, холецистит немесе панкреатит - жедел медициналық көмекті талап ететін қауіпті аурулар.
Бас айналып, көздің қарайып кетуі
Егер көз алдыңызда бәрі екі еселеніп кетсе, басыңыз айналса, бұл әркез қауіпті болмайды. Алайда егер сонымен қатар сөйлеумен, кеңстікте бағыт алумен проблема пайда болса, кеуде тұсы ауырып, жүрегіңіз айныса, бірден жедел жәрдем шақыру керек. Мұндай проблемалар жүрек-қан тамырлар жүйесі патологияларын шақыруы мүмкін.
Бел ауыруы
Әр адамның физикалық жүктемелерден кейін немесе бұлшықеттерге шамадан тыс күш түскен кезде белі ауырады. Бірақ егер ол қатты ауырса, қозғалуға кедергі жасаса, демалсаңыз да кетпесе, кейде температурамен немесе жүрек айнумен қатар жүрсе, ол ішкі органдар проблемаларының белгісі болуы мүмкін. Кейде бүйрек қабынуы белді ауыртады. Сондықтан оның өздігінен кетуін күтпеңіз.
Ауа жетпеу
Ауа жетпей бара жатқан секілді сезімге жиі шалдықсаңыз, бұл дәрігерге қаралуға себеп. Демікпенің дамуы жүрек-қан тамырлар жүйесінің проблемасының белгісі болуы мүмкін.
Іштің шұрылдауы, жүрек айну, құсу
Егер іш шұрылдаса, спазмдар пайда болса, толғақ кезіндегідей ауырсыну болса, жүрек айныса, құссаңыз, бұлар ішектер инфекциясының немесе уланудың белгісі болуы мүмкін.
Тістің ауыруы
Тісіңіз ауырса, бұл кейде пульпит болуы мүмкін. Бұл кезде қабыну жылдам тарап, жан-жағындағы тіндерді де алуы мүмкін. Ауруға шыдамай, стоматологқа қаралыңыз.
А. Жапатова