Дүние жүзіндегі ең көп таралған аурулардың бірі – инфаркт. Қарт адамдар да, жастар да жүрек талмасынан зардап шегеді: көбінесе 40 жасқа толмағандарда бұл ауру кездеседі.
Жүректің сау болуы үшін арнайы диета, сондай-ақ күнделікті физикалық белсенділік қажет.
"Көптеген адам жүрек талмасын сол жақ кеудедегі шаншумен байланыстырады, шаншу белгілері сол қол немесе жақта да пайда болады. Бұл ең жиі кездесетін симптом, бірақ білу керек басқа белгілер бар", - дейді дәрігер Шеррил Литгоу.
Мәселен, инфаркт алдында көптеген адамның бет-жүзі өзгереді екен. Міндетті түрде білуіңіз керек:
• адамның беті бозарып кетеді;
• науқастың терісі сұрланып кетеді;
• бөлме ыстық болмаса да маңдай, мұрын суланып, бет терлейді.
"Ауырған адамданың жүрегі айниды, жиі ентігеді, терісі сұрланып кетеді. Сондай-ақ, науқас дегбірсізденіп басы айналады", - дейді дәрігер Лигтов.
Инфаркт кезінде ер адамдар көбінесе кеудедегі ауырсынуды сезінеді, ал әйелдерде әдетте ентігу, жүрек айнуы немесе мойын мен жақтың ауыруы сияқты қосымша белгілерді байқайды.