- Негізгі бет
- Денсаулық
- Дәрі ішпей-ақ бас...
Дәрі ішпей-ақ бас ауруынан құтылуға болады
Ешқандай дәрі-дәрмектің көмегінсіз бас ауруынан құтылуға салқын компресс көмектеседі. Мұздай суға малынған шүберекті немесе матаны маңдайыңызға қойыңыз. Судың басыңызға әсері күшті болуы үшін оған тұз (0,5 литр суға 1 ас қасық) және алма сірке суын (1 литр суға 1 ас қасық) қосуыңызға болады.
Шай да бас ауруының алдын алады. Кәдімгі қарапайым қара шай мен көк шайды қайнатып, оларға жалбыз қосып ішіңіз. Аздап қант қосуыңызға да болады. 10-15 минуттан кейін басыңыздың ауырғаны кетеді.
Жалбыздың құрамындағы эфир майы да бас ауруын басуға әсер етеді. Онымен бетіңізге массаж жасағаныңыз жақсы. Сонымен қатар мойныңыз бен иығыңызды да уқалауыңызға болады. Нәтижесіне көз жеткізесіз. Шаршағаныңыз бен ауырғаныңыз бірден басылады.
Бас ауруынан ештеңе қосылмаған қарапайым судың көмегімен де арылуға болады.
Бас ауруының бірден бір себебі – құрғақшылық. Әсіресе, ыстық күндері және спортпен мөлшерден тыс көп айналысып қойған кезде жиі ұшырасады. Сондықтан дәрігер мамандардың айтуы бойынша, күніне кем дегенде 2 литрден артық таза су ішуіміз керек.
Ж. Исакаев