Бас ауыру
Жарты шай қасық кептірілген жанжабілге ыстық су құйып, паста пайда болғанға дейін араластырыңыз. Дайын болған пастаны маңдайыңызға қойып жатыңыз. Күйдіруі мүмкін, бірақ өте пайдалы.
Қызу көтерілу
Бір шай қасық ұнтақталған кардамонды (зынжабыл тұқымдас өсімдік) жарты литр сумен араластырып, оның үстіне сүт пен қант қосып ішсеңіз, қызуыңыз бірден басылады.
Арқа ауыру
Жанжабіл пастасынан (ұнтақталған жанжабіл + су) жасалған компресс қойыңыз.
Тұмау
Кептірілген жанжабілден шай ішіңіз және куркуманы сүтке қосып, күніне 3 рет пайдаланыңыз. Ол аурудың алдын алып, иммунитетті нығайтады.
Тамақ ауыру
Шатыраш шөбінен жасалған тұнбамен тамағыңызды шайыңыз.
Безеу мен бөртпелерден құтылу
Бір шай қасық куркума мен бір ас қасық алқызыл шырын араластырып, теріңіз тап-таза болғанға дейін күніне екі рет тұтыныңыз.
Тері күю
Бір шөкім куркуманы алоэ шырынымен араластырып, күйіп қалған жеріңізге жиі-жиі жағып тұрыңыз.
Ауыздан жағымсыз иіс шығу
Фенхель дәнін шайнаңыз. Егер оған кетпесе, бір шай қасық ұнтақталған кардамон, даршын және лавр жапырағының (бірдей көлемде) қоспасын қайнатып, салқындатып ішіңіз.
Бұлшықеттер созылып кетуі
Ваннаға ыстық су толтырып, оған жарты стақан ұнтақталған жанжабіл мен жарты стақан ас содасын қосыңыз. Ауырып жүрген жеріңізге күніне екі рет жылы пастадан жасалған компресс қойыңыз. ( бір шай қасық жанжабіл + бір шай қасық куркума + азғантай ыстық су)
Дене ісінуі
Ісіп кеткен жеріңіздің жартысына куркума, екінші бөлігіне тұз сеуіп жатыңыз. Сонда ісігіңіз тез қайтады.
Ұйқысыздыққа ұшырау
Жатар алдында жарты шай қасық теңіз жаңғағын сүтпен араластырып ішіңіз. Сонымен қоса бір шай қасық қуырылған куминді піскен бананмен қосып жеуге болады.
Есте сақтау қабілеті төмендеу
Үш грамм ұнтақталған калинджи дәнін 10 грамм балмен араластырып жеңіз.
Мұрын бітелу
Ыстық куркуманың түтінімен дем алған жақсы. Ол мұрныңызды тез арада тазалайды.
Салқын тигенде немесе тұмауға шалдыққанда тоңып қалтырасаңыз
Жарты шай қасық жанжабіл мен бір шай қасық ұнтақталған даршынды 10 минут қайнатып, үш сағат сайын бір стақаннан ішіп отырыңыз. Бал қосуды ұмытып кетпеңіз.