Асқазан-ішек жолдарының біздің өміріміздегі маңыздылығын сөзбен айтып жеткізу қиын. Алдымен тамақтану, сонан кейін сіңдіру, артынан дәрумендерді және пайдалы заттарды токсиндерден бөліп алу... Және күн сайын осылай. Өкінішке орай, біздің қоғамды фаст-фуд, кока-кола сынды тағамдар жаулап алды. Ал бұл асқазан үшін адам айтқысыз ауырлық әкеледі. Сондықтан болар, асқазан-ішек жолдарының қиындықтарынан зардап шегіп, дәрігер көмегіне сүйенетіндердің қатары күн өткен сайын артып келеді. Бүгінде ғылымда онға жуық асқазан-ішек ауруы белгілі болған. Ғалымдардың айтуынша, адам жүйесі мен басқа ағзалары асқазанның жағдайымен тығыз байланысты екен. Дұрыс жұмыс істейтін асқазан әдемі тері, дені сау шаш, белсенді зат алмасудың кепілі.
Оқырмандарымыздың арасында да майлы немесе тез дайындалатын тағамдарды жиі пайдаланып, асқазан-ішек жолдары ауруларына тап болып жүргендер бар болар. Ендеше, пайдалы кеңестер легі сіз үшін. Асқазанға қалай көмектесеміз? Қандай ережелерді ұстану керек? Іш қату, іштің кебуі сынды ішек аймақтарындағы жағымсыз сезімдердің алдын алуға бола ма?
Соңында мынадай тізім жасадық:
Асқазанға «ұнайтын» тағамдар: қаймақ, өсімдік майы, жұмыртқа сарысы, тмин, фенхель, сәбіз, қызылша, авокадо, құрғақ жемістер, көкөністер (мысалы, алма, қарбыз, қауын, өрік, қара өрік, жемістер, әртүрлі ботқалар, кебек, йогурт, айран, кептірілген өрік, інжір т.б.)
Асқазанға «ұнамайтын» тағамдар: алмұрт, айва қайнатпалары, кисель, қара шәй, какао, ауыз қуыратын шарап, консервілер, фаст-фуд, газдалған сусындар, орамжапырақ, тым ащы, тым тәтті тағамдар, сағыз, жасыл балгар бұрышы, пияз бен сарымсақ, піспеген банандар, крахмалды өнімдер (картоп, күріш, қарақұмық, макарон, бәліштер, печенье т.б). Сондай-ақ, балықты, етті, сүзбені, жұмыртқаны абайлап жеу керек.
Өзіңіз байқағандай, асқазанға аса көп нәрсе қажет емес. Рационды пайдалы тағамдарға толтыру, аздап спорт жаттығуларын қосу, жағымсыз әдеттерден арылу – асқазан да, сіз де ризасыз!
Дайындаған: Бұлбұл Дәрібаева
Сурет:vk.com