- Негізгі бет
- Денсаулық
- Дәмдеуіштерді медицинада қолдану...
Дәмдеуіштерді медицинада қолдану
Асхана ханшайымдары дәмдеуіштерді еттің не балықтың исін келтіру үшін, көкөніске дәм беру үшін тамаққа қосады. Сол себепті, текше тәрізді, ұнтақ тәрізді, сұйық түрлері қазіргі асхананың ажырамас бөлігіне айналды. Олар асүйде ғана емес, емде де, бояуда да көмегі барын біліп пе едіңіз?
1. Олар – түрлі микроэлементтің, дәруменнің, май мен аминқышқылдарының қайнар көзі
Ванильдің құрамында кальций, калий, фосфор, натрий және темір барын білдіңіз бе? Ал даршын А, В1, В2, С, РР дәрумендеріне бай екенін ше? Күнжіттің құрамындағы кальций ірімшіктегі кальцийге қарағанда едәуір көп. Ал лавр жапырағында сірке суы, валериан қышқылы бар. Балғын ақжелкен мен аскөк темірге бай. Тізе берсеңіз, әр дәмдеуіштің өз артықшылығы бар.
2. Емдік қасиеттері бар
Куркума – антисептикалық қасиеті бар дәмдеуіш. Жараның орнын қалыпқа келтіретін көмегі бар. Себебі оның құрамында куркумин атты табиғи антиоксидант бар. Бірақ, ашық теріге тисе, қатты ашытады. Балаларға, жүйке жүйесі зақымдалған адамдарға куркуманы жақындатпаған жөн. Оған қоса, куркума диарея кезінде жақсы көмектеседі. Уланып қалған кезде де септігін тигізеді. Астан уланған кезде ересектерге бір шай қасық куркуманы бір стақан сумен ішкен дұрыс. Ал балаларға жасына сәйкес шай қасықтың төрттен бір, екіден бір бөлігін ішкізген дұрыс. Диареяны тоқтату үшін куркуманы бір күн ішсе болады.
Үнді дәстүрлі медицинасында дәрігерлер емделу кезінде дәрі ретінде, дұрыс тамақтануда, рецепт ұсынарда міндетті түрде дәмдеуіштерді қосады екен.
– Куркума қанды, бауырды тазалайды.
– Жанжабіл (имбирь) асқорытуды жақсартады. Егер шамадан тыс тамақ жеп, асқазаныңыз көтермей қалса, бір тілім балғын имбирь жеңіз. Асқазандағы қыжылды басып, асқортыу жүйеісн реттейді.
– Лимон және жанжабіл қосылған шай – тұмауға қарсы ем.
– Зира бала емізетін аналарға лактация үшін керек.
– Күнзе (кориандр) де асқазандағы қыжылды басады. 2 шай қасық күнзені бір стақан сумен қайнатып, термоста тұндырыңыз да, майлы астан кейін бөліп-бөліп ішіп алыңыз.
3. Азық-түліктің қасиеттерін алмастырады
Орамжапырақтан іш кеуіп кетеді. Бұдан қалай құтылуға болады? Біріншіден, ормажапырақты шикілей жемеу керек. Екіншіден, буға бұқтырған кезде күнзе қосып жіберіңіз. Үрмебұршақ пісірген кезде де, күнзе мен сарымсақ қосыңыз. Бұлай еткен жағдайда іш кебудің алдын ала аласыз.
Жалғасы бар...
Г. Берік