Дәм мен иіс сезбеу адамның коронавирус жұқтырғанын білдіре ме?

Дәм мен иіс сезбеу адамның коронавирус жұқтырғанын білдіре ме?
Фото: designspiration.com

Коронавирус инфекциясын жұқтырған адамда бірнеше симптом пайда болады. Соның бірі – дәм мен иіс сезбеу. Егер адамда тек осы екі симптом байқалса, бұл оның коронавирус жұқтырғанын білдіре ме? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде медицина ғылымдарының кандидаты Нұрила Малтабарова мен доцент Баян Тұрдалина жауап берді.

"Тек дәм мен иіс сезуден қалған адамды коронавирус жұқтырды деп айту қиын. Себебі вирус жұқтырған адамның температурасы көтеріледі, тұла бойы күрт әлсірей бастайды. Статистика бойынша, коронавирусқа шалдыққандардың тек 50%-і дәм мен иіс сезбей қалған. Сондықтан тек осы симптомдар адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын білдірмейді", - дейді Баян Тұрдалина.

"Дәм мен иіс сезбей қалудың өзге себептері болуы мүмкін. Бұл симптомдар пайда болса, байбаламға салынып, компьютер томограммасын жасатамын, рентгенге түсемін деп әуреге түспеген жөн", - деп жауап берді Нұрила Малтабарова.

Коронавирус жұқтырғандар неге иіс сезе алмайды?

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қытай, Иран және Италия ғалымдары клиникалық деректерді негізге ала отырып, коронавирус жұқтырған адамның неге дәм мен иіс сезу қабілетінен айырылатынын анықтады. Зерттеу нәтижесін Science Alert басылымы жариялады. ⠀ Адамға тұмау тиген кезде мұрны бітеліп, содан дәм мен иіс сезетін рецепторларға молекула жетпей қалады. Аносмия (дәм сезудің жоғалуы) содан пайда болады. ⠀ Алайда COVID-19 жұқтырған науқастың мұрны бітелмейді, бірақ сонда да дәм мен иіс сезбей қалу сынды белгілері болады. Мұның сыры неде екенін білмек болған ғалымдар инфекция жұқтырған науқастардың мұрнын компьютер томографиясына түсірген. Томографиядан науқастардың дәм сезуге жауап беретін мұрын бөлігі ісініп, шырышпен қабаттасып бітеліп қалатыны көрінген. Ал мұрынның қалған бөлігі ашық, сондықтан адам тұмаудағы сияқты ауа жұта алмай қиналмайды. ⠀ Басында COVID-19 инфекциясы адамның дәм мен иіс сезу нейрондарын жарақаттап, содан адам сезінуден қалады деп болжам жасалған еді. Алайда ағзаға түскен коронавирус мұрынның шырышты қабатын қабындыратын ACE2 ақуызын бөлетіні белгілі болды. Мұндай ақуызға қарсы тұру үшін мұрынның иммун жүйесі ісініп, сезім нейрондарын бұғаттап тастайды. ⠀ Ал ағзаның иммун жүйесі коронавирусты жеңген кезде ісіну басылып, адамның дәм мен иіс кезу қабілеті қалпына келеді.

Публикация от Massaget │ Өз таңбаңды қалдыр (@massaget.kz)22 Июн 2020 в 5:36 PDT

 
Massaget.kz