- Негізгі бет
- Денсаулық
- Біз неліктен ауырамыз?...
Біз неліктен ауырамыз?
Адам ағзасы эволюция үрдісінде өмірді сақтап қалудың маңызды биологиялық механизмдерін жасап шығарды. Мысалға алатын болсақ, жарақаттар мен жаралану, сондай-ақ бұрындары жиі қан кетумен жүретін босануды алайық. Олармен күресу үшін табиғат қан ұю жүйесін құрды. Алайда, бүгінде біз жарақатты өте сирек аламыз, ал босану әлдеқайда қауіпсіз болды. Осы тұрғыдан қан ұйығыштығы бұрынғы маңыздылығын төмендетті. Дегенмен, біздің ағзамызда қан тамырлары ішінде ұйытқылар - тромбылар пайда болады, олар жиі жүрек, қан тамырлары мен басқа ағзалардың ауруларына әкеледі.
Аштық жағдайында аман қалу үшін эволюциялық тұрғыдан біздің ағзамыз ұйқы безі гормоны – инсулиннің көмегімен май қорының жинақталу механизмін жасады. Бұл механизм бойынша инсулиннің көмегімен көмірсуларды майға айналдырып, оны май жасушаларының ішіне кіргізіп Қор жасайды. Бүгінгі таңда біз аштыққа сирек ұшырағанымызбен, бұл механизм біздің ағзамызда әрі қарай әрекет етуді жалғастыруда. Және кез келген артық тамақ, егер физикалық жұмыс істемесек және спортпен айналыспасақ, бізде міндетті түрде май қатпарларына айналады. Мұндай жағдай инсулиндік резистенттілік деп аталып, қант диабеті мен семіздіктің дамуына әкеледі. Нақты қауіп-қатердің бірі-май жасушалары қан тамырлары мен маңызды мүшелердің ішінде жинала отырып, олардың қызметін бұзып және қалыпты қан айналуына кедергі жасауы мүмкін.
Май жинағы мен қантамырішілік қан ұйытқылары біздің ағзамызға залал болып шығады және де бізді бактериялардан, вирустардан және басқа да аурулардан қорғауға арналған иммундық жүйеміздің қарсылығына ұшырап қабыну шақыруы мүмкін.
Егер осының бәріне - уытты әлеуметтік орта мен психологиялық мәселелер салдарынан стресстік гормондардың деңгейінің созылмалы жоғарылауын қосатын болсақ, онда бүгінгі таңдағы: диабет, семіздік, гипертония, жүректің қан тамырлары ауруы, қатерлі ісіктер, Альцгеймер ауруы, деменция, ревматоидты артрит сияқты созылмалы ауруларының бұрын-соңды болмаған өсуі бізді таң қалдырмауы керек. Олармен бүгінде адамзаттың жартысынан астамы зардап шегеді.
Кең таралған созылмалы аурулардың себептеріне жаңа көзқарасты ескере отырып, аурудың шығуына әсер ету механизмін басқаша бағалау маңызды. созылмалы қабыну тұрақты физикалық белсенділігінің арқасында бәсеңдейтіні, инсулиннің резистенттілігі тағамдық калорияны шектелудің арқасында ғана емес, пайдалы майларды қабылдау мен толыққанды ұйқының есебінен де қалпына келетінін ғылыммен дәлелденген. Әрине, стресстік жағдайларды болдырмау мүмкін емес, бірақ жақын адамдардың қамқорлығы мен назары - бұл өз ағзаңызбен бейбіт өмір сүрудің сенімді жолы.
Сонымен қатар, соңғы жылдары ғалымдар ішек микробтарының қызметін зерттеуге үлкен көңіл бөлуде, олардың денсаулық сақтаудағы қызметіндегі үлесі зор. Тірі ашыған сүт бактериялары бар өнімдерді қабылдау біздің ішек микробтарымыздың қызметін сауықтырып, аллергия, семіздік, диабет, асқазан-ішек және басқа да көптеген аурулардың алдын алады деп саналады.
Біздің созылмалы аурулармен неліктен ауыратынымызды және олармен қалай күресуге тырысатынымызды ескеретін болсақ, денсаулық формуласын келесі түрде нақтылауға болады:
Денсаулық ол күніне 10 000 қадам + 200 мл ашыған сүт өнімдері + шамамен 2000 тағамдық калория + 8 сағаттық ұйқы + 8 стакан су.
Әрине, егер генетикалық бейімділік, қоршаған ортаның жағдайы мен басқа да факторларды ескермесек - бұл Денсаулық формуласы толық емес. Дегенмен де - бұл денсаулық формуласына тек өзімізге байланысты болатын компоненттер салынған.
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры