Әлем тұрғындарының 30%-ы тырнағын тістейді екен. Бірақ не үшін тістейтіндерін білмейді. Көбі мұның себебін уайымнан іздеп жатады. Ал зерттеулерге сүйенсек, адамдар тырнағын іші пысқандықтан, жұмыс қиындығынан не ызадан тістейді екен.
Калифорния университетінің психиатры Трейси Фуз (Tracy Foose) "Кей адамдар тырнақ немесе теріні тістегеннен кейінгі ауырғанын қалап тұрады, сол ләззат үшін тістейтіндер де бар" дейді. Мұны зерттеуден кейінгі қорытынды дейді. Зерттеу кезінде зерттеушілер тышқандарға ауырсынғанды сездірмейтін эндорфин еккен. Соның нәтижесінде олар көп "жуынбаған". Эндорфинді қайтаратын дәрі қабылдаған соң, олар қайтадан жиі жуынатын болған. Демек, жануарлар тазаланған сайын ләззат алады, сондықтан жиі жуынады деген пікірге келген. Ал адамға келер болсақ, тырнақ тістеу де тазалық сақтаудың бір түрі. Бірақ, оның соңы соқырішекке апаратындығын ойлай бермейміз.
Сабақта не жұмыста бұл "ләззаттың" берер пайдасы бар. Кей зерттеушілер тырнақ тістейтіндері жұмыстың ләззатын сезіне алатындар деп есептейді. Себебі олар жұмысқа беріліп кеткендіктен, саусағының ауыратынын ұмытады екен.
Ал Корнелл университетінің зерттеушілері айтуынша "тырнақ кеміргіштерінің" үштен бірі біреуден көріп не біреуге еліктеп үйренеді екен. Бірақ осы әдеттің неліктен ерте жастан пайда болатындығы жұмбақ болып келеді. Кішкентай кезде мидың іс-қимылға жауап беретін бөлігі әлі даму үстінде болады. Мүмкін соның әсерінен ми оған "Доғар!" деп дабыл бере алмайтын болар.
Ал сіз қалай ойлайсыз? Бұл әдеттің себебі неде?