Біз қандай кезде күш-қуатымызды арттырамыз:
- қарнымыз ашқан кезде.
- тыныс алу жаттығуларын жасағанда.
- жалғыз қалғанда.
- белгілі бір уақыт үнсіз жүргенде.
- теңіз жағасында, тау бөктерінде, бір сөзбен айтқанда, таңғажайып табиғат аясында демалғанда.
- шығармашылықпен айналысқанда.
- ерекше қуанғанда.
- біреуге қол ұшын бергенде.
- сыпайылық танытқанда.
- жақсының жақсылығын айтқанда.
- сағат кешкі 10 мен түнгі сағат 2 арасында ұйықтағанда. Өйткені дәл осы уақыт аралығында ғана жүйке жүйеміз жақсы демалады.
- жеміс-жидектер мен көкөністер, сонымен қатар бал, ерітілген май, ботқа секілді дәрумендерге толы тағамдарды тұтынғанда.
- таңертең жұмысқа немесе оқуға бара жатып, салқын суға жуынғанда.
- өз-өзімізге массаж жасағанда.
Ал қандай кезде күш-қуатымыздан айырыламыз:
- өткенге өкініп, өз өмірімізге көңіліміз толмай, келешекке күдікпен қарағанда.
- тамақты мөлшерден тыс артық жеп қойғанда.
- ешқандай жоспарсыз өмір сүргенде.
- түкке тұрғысыз нәрселерге ренжігенде.
- күйзеліске түскенде.
- ұйқысыздыққа ұшырағанда.
- бос әңгіме барысында, әсіресе біреуді даттап, сынап-мінеп жатқанда.
- тағамды асығыс әрі бір орында отырмай жегенде.
- жарқыраған күннің астында көп жүргенде.
- дүниеқоңыздық пен ашқарақтық кезінде.
- ішімдік ішіп, шылым шеккенде.