Бүйрекке тас жиналса, оның шығуы азап екенін сол сырқатқа ұшырағандар жақсы біледі. Сонымен қатар ол бірнеше сағат ішінде де, бірнеше күн бойы да шығып бітуі мүмкін. Соның шығуын тездету амалдары бар. Біз бүгін сол туралы айтамыз.
1. Бүйректегі тасты қуыққа айдап тастау үшін күн сайын 3 литрден артық су ішіңіз. Шығатын зәр мөп-мөлдір болғанша ішіп жүру керек.
2. Бүйрегіңіз кенет ауырғанда бақбақтан жасалған шайды мүмкіндігінше көп ішіңіз. Ол зәрдің шығуын мейлінше күшейтіп, сонымен бірге тастың шығуына жәрдемдеседі де, қанның бүйрек арқылы айналымын жақсартады. Кептірілген бақбақтың 2 шай қасығын 1 шыны суға салып, 15 минут демдеңіз.
3. Жүгерінің шашағынан немесе бидайықтан жасалған шайды күн сайын 2-3 шынысын ішіп көріңіз. Олар зәр айдайды әрі бүйректе тас жиналуының алдын алады.
4. Бүйрекке тас байланғанда қозғалудың өзі бір азап. Шамаңыз келсе аздап жүріп көріңіз. Ол бүйректен тастың шығуына жәрдемдеседі.
5. Бүйрекке тас жиналуының нышаны байқалған бойда сереноа пальмасының жемісінен жасалған дәрмектің 2 капсуласын (160 мл) ішіп жіберіңіз. Тас бірден шыға қоймаса, ол шығып біткенше сол дәрмекті іше беріңіз. Ол баяғыдан қолданылып келе жатқан амал.
6. Тас байланбаудың амалдары да жетерлік. Көбіне-көп сұйықтықты мол ішуге тырысыңыз. Күніне 2-10 шыны су ішкеніңіз абзал.
7. Зәрдегі кальций деңгейін төмендету, сөйтіп қайтадан тас жиналуына жол бермес үшін тамағыңызда натрий аз болсын. Әуелі жартылай дайын өнімді, консервіленген сорпа, көже пайдалануды азайтыңыз. Күніне ішетін тамағыңызда натрий көлемі 2400 мл көп болмасын. Натрий – ас тұзы.
8. Мүкжидек сөлінің 2 шынысын күн сайын ішіңіз. Ол кальцийді 50% азайтады.
9. Оны жақтырмасаңыз апельсин не су қосылған лимон шәрбатының 1 шынысын 3/2-сін тамақпен бірге ішіп тұрыңыз.