- Негізгі бет
- Денсаулық
- Бұлшықетті өсіретін 7...
Бұлшықетті өсіретін 7 азық-түлік
Бұлшықетті өсіру үшін ақуызы мол ас ішу керек. Оның құрамындағы аминқышқылдар жаңа бұлшықет жасушаларының түзілуіне себеп болады. Дегенмен азық-түлік құрамындағы ақуыз мөлшерінен бөлек тағам құндылығы мен сіңімділігін де ескеру керек. Қазір ақуыздың қаншалықты сіңімді екенін анықтайтын protein digestibility corrected amino acid score (PDCAAS) көрсеткіші бар.
PDCAAS азық-түлік құрамындағы аминқышқылдың бұлшықет қажетін қаншалықты өтейтінін көрсетеді. Бұл шкаладағы ең жоғары көрсеткіш – 1,0. Мұндай коэффициенті бар тағамдар жақсы сіңеді және бұлшықеттің өсуіне көмектеседі.
Төменде көрсетілен азықтардың PDCAAS көрсеткіші Калифорния сүт өнімдерін зерттеу қорының маманы Кевин Комерфорд мақаласынан алынды.
1. Сүт
Өнімнің 100 граммындағы ккал (килокалория) мөлшері: 60;
Өнімнің 100 граммындағы ақуыз мөлшері: 3,2 г;
PDCAAS: 1,0.
2. Ірімшік
Өнімнің 100 граммындағы ккал (килокалория) мөлшері: 71-159;
Өнімнің 100 граммындағы ақуыз мөлшері: 16,7 г;
PDCAAS: 1,0.
3. Жұмыртқа
Өнімнің 100 граммындағы ккал (килокалория) мөлшері: 74;
Өнімнің 100 граммындағы ақуыз мөлшері: 12 г;
PDCAAS: 1,0.
4. Сиыр еті
Өнімнің 100 граммындағы ккал (килокалория) мөлшері: 158;
Өнімнің 100 граммындағы ақуыз мөлшері: 25 г;
PDCAAS: 0,92.
5. Тауықтың төс еті
Өнімнің 100 граммындағы ккал (килокалория) мөлшері: 165;
Өнімнің 100 граммындағы ақуыз мөлшері: 31 г;
PDCAAS: 0,92.
6. Балық (бақтақ, ақсерке, нәлім)
Өнімнің 100 граммындағы ккал (килокалория) мөлшері: 100;
Өнімнің 100 граммындағы ақуыз мөлшері: 18-22 г;
PDCAAS: 0,78.
7. Ноқат (бұршақ тұқымдас мәдени дақыл)
Өнімнің 100 граммындағы ккал (килокалория) мөлшері: 364;
Өнімнің 100 граммындағы ақуыз мөлшері: шикі ноқатта 19 г, піскен ноқатта 8,86 г;
PDCAAS: 0,78.