1. Сүзбе
Сүзбе бұлшықет жинауға көмектеседі. Небары 150 грамм сүзбе сізге 22 грамм ақуыз береді.
2. Албырт (еті нәзік қызғылт түсті ірі қызыл балық)
Албыртта ақуыз бен омега-3 қышқылы мол. Ал бұл екеуі сіздің бұлшықетіңізді өсіруге көмектеседі. Албырт ағзадағы зат алмасуды да жеделдетеді.
3. Сұлы
Сұлыда дәрумендер, минералдар, ақуыздар, көмірсулар, жасұнықтар көптеп кездеседі. Ал бұл элементтер біздің денсаулығымызға өте пайдалы. Сұлы қандағы қант мөлшерін де қалпына келтіреді.
4. Қарақұмық
Қарақұмық бұлшық етті қатайтатын көмірсулардың қайнар көзі. 100 грамм қарақұмық жармасында 18 грамм протеин болады. Бұл жарма диетадағы адамдарға да пайдалы.
5. Сиыр еті
Сиыр етінде ақуыз көптеп кездеседі. Бұл да бұлшықетке пайдалы тағамдардың бірі.
6. Балық майы
Балық майы ауыр жаттығудан кейін ағзаның қайта қалпына келуіне көмектеседі. Сондықтан, мұны жеп жүрсеңіз жиі жаттығу жасап тұруға болады. Балық майы зат алмасу процесін де жеделдетеді.
7. Күркетауық
Күркетауық ақуыз бен 11 түрлі дәруменнің, минералдардың қайнар көзі.
8. Тауықтың төс еті
100 грамм тауықтың төс етінде 22 грамм ақуыз болады. Ол сіздің бұлшықетіңізді қатайтады.
9. Су
Күніне кем дегенде 2 литр су ішуіңіз керек. Ол ас қорытуға да, күшіңізді көбейтуге де көмектеседі.
10. Жұмыртқа
Жұмыртқаның құрамында ақуыз көп (бір жұмыртқада 6-8 грамм). Жұмыртқа дәрумендерге, темір, кальций, мырыш секілді элементтерге өте бай. Сондықтан, бұл тағам бұлшықетіңізді қатайтуға көп көмектеседі.