Кейде жай жатқанның өзінде бұлшықеттің "бүлкілдеп", біресе жиырылып, біресе созылып, өзімен-өзі қозғалып кеткенін байқаймыз. Кейде тартылып қалуы да мүмкін. Көбіне ауырмайды, жайдан-жай бүлк-бүлк етіп "дабыл" береді. Мұның себебі неде сонда?
Мамандардың айтуынша, мұның себебі қарапайым. Көбіне ағзаға магний элементі жетпегеннен болады.
Магний - ағзаға өте қажет минерал. Дәл кальция сияқты қажет. Магний – бұлшықетке пайдалы элемент. Бұлшықеттің дұрыс жұмыс істеуіне, жиырылып-созылуына көмектеседі. Магний жетпесе, бұлшықеттің бұл қасиеті бұзылады, содан бұлшықет денеге бағынбай кетеді. Өзімен-өзі тартылып қалуы мүмкін.
Егер ағзада расымен магний жетпесе, онда оны толықтыруға тырысу керек. Ол үшін мына тағамдарды жеңіз:
- Жапырағы көп көкөністерді жеңіз;
- Астық тұқымдас дәнді-дақыл жеуге тырысу керек (көбіне өндірістен шыққан дәнді-дақылдар өте сапасыз болады);
- Магний тұзын суға қосып, ваннаға түсуге болады;
- Магний қосылған қоспалар ішуге болады.
Магний мол тағамдар:
- Қара шоколад
- Жаңғақ
- Авокадо мен банан
- Майлы балық
Магний ас қорытуға, қалқанша безіне аса қажет. Қалқанша безі гормонын бөлуге қатысады. Ал ол гормон сүйекке қажет.
Ер адам күніне 300 мг, әйел адам 270 мг магний ішуі тиіс.