Бұлшық етті өсіру үшін физикалық жаттығумен қатар құндылығы жоғары, нәруызға бай тағамдарды тұтыну керек. Аминқышқылдар ағзаға түскеннен кейін бұлшық ет жасушасының негізін қалайды. Бүгін бұлшық етті өсіретін 3 негізгі тағам түрін ұсынамыз.
1. Сүт
100 грамм өнімде:
Ккалл: 60
Нәруыз: 3,2 грамм
Солтүстік Иллинойс Университетінің зерттеушісі Мэттью Старк сүттің ағзаға толықтай сіңетін өнім екенін айтып, оны нәруыз түзетін әрі ұлпаларды қалпына келтіретін ең пайдалы тағам деп көрсетті. 2008 жылы зерттеу жұмысы кезінде сүттің бұлшық еттегі нәруыз синтезін бірден көтеретіні белгілі болды. Ағзаға түскен физикалық күш пен жаттығулардан кейін 12 апта бойы сүт ішу бұлшық етті жылдам жинауға әсер ететіні де анықталды.
2. Сүзбе
100 грамм өнімде:
Ккалл: майлы түріне қарай 71-ден 159-ға дейін
Нәруыз: 16,7 грамм
Сүзбенің 70%-ін ағзаға баяу сіңетін, қиын ыдырайтын казеиннан құрайды. Яғни, қандағы аминқышқылы баяу көтеріліп, 6-8 сағат бойы сақталады. Одан бөлек, сүзбе құрамында бұлшық еттің жиырылуына әсер ететін, аминқышқылы мен креатинді тасымалдайтын кальций бар.
3. Жұмыртқа
100 грамм өнімде:
Ккалл: 74
Нәруыз: 12 грамм
Хосе Миранданың (Jose M. Miranda) зерттеуіне сүйенсек, жұмыртқа ақуызының 15 грамм протеинінде 1 300 миллиграм лейцин бар. Лейцин бұлшық ет массасының артуына себеп болады. Басқа аминқышқылдарға қарағанда лейцин нәруыз синтезін жылдамдатады.