- Негізгі бет
- Денсаулық
- Бүкірліктен арылуға көмектесетін...
Бүкірліктен арылуға көмектесетін әдеттер
Ересек адамның мүсінін түзеу мүмкін емес деп саналады, бірақ дәрігер және шығыс медицинасы бойынша маман Тошики Фукуцудзи олай ойламайды. Ол бүкірліктен құтылуға және кез келген жастағы адамдарға дұрыс мүсін қалыптастыруға көмектесетін жаттығулар жинағын ойлап тапқан. Фукуцудзи әдісі "Сауығудың жапондық жүйесі" кітабында сипатталған. Ендеше, кеңседе жасауға болатын және бүкірліктен арылуға көмектесетін жаттығуларды ұсынамыз.
Бүкірлік күнделікті әдеттерден пайда болады. Сондықтан арқа және жалпы ағза денсаулығын сақтау үшін бірнеше пайдалы әдеттерге дағдылану керек.
Мүсініңізді бақылауды әдетке айналдырыңыз. Өз кескініңізге үйде, далада және жұмыста айнадан, дүкен витринасынан және транспорт терезесінен қараңыз. Бүкірейіп тұрған жоқсыз ба? Тексеріңіз. Егер тағы да бүкірейіп тұрғаныңызды байқасаңыз, терең тыныс алып, түзеліңіз.
Денеңізді жылдап босаңсытуға үйреніңіз. Жұмыс уақытында уақытыңыздың көп бөлігін отырған күйде өткізесіз. Бұлшықеттерге қозғалыс жетіспейді, ал олар ұйып қалады. Сондықтан әр сағат сайын бұлшықеттерді қозғауға тырысыңыз: ол үшін аздап жүру жеткілікті.
Егер жүруге мүмкіндік болмаса, орныңыздан тұрып, алақаныңызды ішіңізге қойып, терең тыныс алып, биікке тартылыңыз. Содан соң иығыңызды бірнеше рет көтеріп, түсіріңіз (жоғары-төмен). Қолыңызды қағыңыз. Осылайша, жылдам денені босаңсытасыз.
Смартфон пайдаланғанда ескеретін 5 жаттығу
Ұйқыны қандырыңыз. Ұйқы кезінде ағзадағы барлық айырбас процестер орнына келеді, бұлшықеттер босаңсиды, қаңқаның табиғи жағдайы қалпына келеді және мүсін дұрысталады. Неліктен олай болады? Біз ұйықтағанда жақсы бір нәрсе жасаймыз. Біз аунаймыз, соның себебінен ағза ұзақ күннен кейін өзі қалпына келеді. Кішкентай балаларға мән беріңіз: олар түні бойы аунап шыға алады. Әдетте, олар ұйқысы қанып, таңертең ересектерге қарағанда сергек жүреді. Ересектер, әсіресе жасы ұлғайған кісілер ұйықтап жатқанда өте аз қозғалады немесе тіпті, қозғалмастан жатады. Егер дене ұйқы кезінде қозғалмаса, ағзаның қалпына келуі қиындай түседі. Өте жұмсақ матрастардан гөрі оның орташа қатты түрін таңдаңыз.
Баспалдақтан екпінмен көтеріліңіз. Арқа бұлшықеттерін жаттықтыру үшін дұрыс жүре білу керек. Жүріс арқа бұлшықеттері мен мықын-бел бұлшықеттерінің жылдам әлсіздеуіне жол бермейді. Себебі мықын-бел бұлшықеттері жамбас пен омыртқа жотасын ғана ұстап тұрған жоқ, сонымен қатар аяқ қозғалысына қатысады. Түзу тұрып, дұрыс мүсін жасаңыз: жамбастан төмен бұлшықетті ширатып, дененің жоғарғы бөлігін созыңыз. Иығыңызды тік ұстап, кеудеңізді алға шығарып, қадам жасаңыз.
Тағы бір пайдалы әдет: баспалдақпен жоғары көтерілу. Алдыңызда баспалдақ, лифт және эскалатор тұрса, дұрыс таңдау жасаңыз. Баспалдақпен көтерілгенде әр сатыдан ырғақпен қадам жасап, арқаңызды тік ұстап жүріңіз. Қозғалыс жылдамдығы жағдайға байланысты, бірақ қаншалықты баяу жүрсеңіз, соншалықты жақсы. Бастапқыда ауа жетпеуі мүмкін, бірақ уақыт өте өкпе көлемі ұлғаяды.
Мүсінге арналған жаттығу
Отырған күйде жұмыс жасау – бүкірлік пайда болуының басты себебінің бірі. Жұмыста отырып жасауға болатын жаттығулар бар.
1. Арқаңызды түзеп, мұрныңызбен өте баяу барынша көбірек тыныс алыңыз. Содан соң баяу ауыздан тыныс шығарыңыз.
2. Көзіңізді жауып, мойныңызды оңға және солға бір-бірден айналдырыңыз.
3. Иығыңызды босаңсытып, жоғары-төмен қозғаңыз. Қолыңызды төменге салбыратып қойыңыз. Иығыңызды 10 рет алға және артқа айналдырыңыз.
4. Екі қолыңызды да шынтақтан бүгіңіз. Шынтағыңызды барынша артқа апарып, жауырынға тигізуге тырысыңыз. Сол қалыпта 5 секунд ұстаңыз. Содан соң қолыңызды түсіріп, демалыңыз. Жаттығуды 5 рет қайталаңыз.
5. Терең тыныс алыңыз.
А. Жапатова