Бу арқылы емделу медицина тілінде ингаляция деп аталады. Жөтел, тұмау, бас ауруы, күйзеліс кезінде бумен емделсеңіз, біраз айығып қаласыз. Оның дәрі-дәрмектерден, екпе алудан артықшылықтары бар. Қандай дейсіз бе?
Бу арқылы емделудің артықшылығы бар және ол қалай қызмет атқарады? Ингаляция – асқынып кеткен аурудың бетін бумен қайтару. теріге ине салмай-ақ, қышқыл дәрілермен ағзаны күйдірмей-ақ емделудің тағы бір артықшылығы қол жетімді.
Қалай жасайды?
Медициналық процедура өз тәртібімен жүрсе, ингаляция да белгілі бір тәртіппен орындалуы тиіс.
- ем қонсын десеңіз, емдік шараны 1,5 сағат сайын жасап тұру қажет;
- шұңғыл табақшаға құйылған қайнаған ыстық су бетті күйдіріп жібереді, сол себепті судың аздап суығанын күту керек;
- қайнаған ыстық суды құйып, қашықтық – 30 сантиметрдей болуы тиіс, басты қалың орамалмен жауып қояды;
- емдік шарасы 20 минутқа созылады;
- бумен емделу кезінде дұрыс демалу керек: тамақ ауырса, ауызбен демалып, тыныс алу мүшесі ауырса, танаумен демалған дұрыс.
- тамақ ішу, өлең айту, қатты сөйлеу – мұның бәрі ингаляциядан 1,5 сағаттан кейін жасалады.
Бумен емделу – үй жағдайында емделудің бір түрі. Ринит, тонзиллит, фарингит, бронхит, баспа және тағы басқа тыныс алу мүшелерінің ауруларына ем бола алады. Сонымен қатар, ауыз қуысы ауыратын және туберкулезбен сырқаттанатын адамдарға да – ем. Тек тамақ ауырғанда емес, үйде ароматерапия жасауда қолдануға болады. Ыстық суға бір тамшы эфир майын тамызып, бас ауруын емдеп алуға болады. Бірақ, мұндай ем барлық адамға жаға бермейді. Басы ауырып тұрған адамның дене температурасы 37,7°С-тан жоғары болса, бұл ингаляцияны қолданып қажет емес. Эмфизема, гипертоника, өкпе ауруларына шалдыққан науқастарға және жүкті әйелдерге рұқсат етілмейді.
Эфир тамшылары
Жоғарғы тыныс алу мүшесін бумен емдегіңіз келсе, 3-5 тамшы жалбыз, 5 тамшы эвкалипт, 3 тамшы камфара майларының қоспасын ыстық суға қосыңыз.
Мұрын бітсе және бас ауырса, ыстық суға 5 тамшы даршын, 3 тамшы шайыр (ладан) майларының қоспасын тамызыңыз.
Бас ауырса және күйзеліске тап болсаңыз, ыстық суға түймедақ және лаванда эфир майын 5 тамшыдан тамызыңыз.