- Негізгі бет
- Денсаулық
- Бірінші байлық —...
Бірінші байлық — денсаулық #2
1. Әдемілік — азат жанның және мықты денсаулықтың жемісі.
Л. Шеффер
2. Бізге берілген ғұмыр қысқа емес, оны өзіміз қысқартамыз: біз ғұмырға тапшы емеспіз, бірақ оны ысырап-қорлықпен пайдаланамыз. Егер ғұмырды шебер пайдалана білсек, ол ұзақ.
Сенека
3. Дәрі-дәрмек ауаға қарағанда баяу әсер етеді.
В. Д. Полегов
4. Аурудың асқынған түрі — ауру алдында тізе бүгу.
Кіші Сенека
5. Мен қимыл-қозғалысты кәрілікпен күресудің ең тиімді құралы деп білемін.
В. В. Гориневский
6. Гимнастика, дене жаттығулары, жүру, жұмыс істеу — қабілетін, денсаулығын, кемел қуанышты өмірін сақтағысы келген әр адамның күнделікті тұрмысына берік енуге тиіс.
Гиппократ
7. Дертке шалдыққанша, денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді.
Фуллер
8. Дене қимылындағы жаттығулар дене қуатын қалай нығайтса, ойлап жаттығу да ақыл қуатын солай нығайтады.
А. Н. Радищев
9. Пайдасыз өмір сүру мезгілсіз өлгенмен тең.
И. Гете
10. Жігіттің дені сау болса, сол дәулет.
Құтып
11. Ауру-сырқаудан дұрыс дене рухтың жемісі болып табылады.
И. П. Павлов
12. Ереже мен еңбек — денсаулықтың кепілі.
Ибн-Сина
13. Мәуітшілер мәуітінің шаңын қалай қағып тазартса, әсемдік қимыл да денені солай тазартады.
Гиппократ
14. Шынығу адамның жастық шағын ұзартады.
Д. Локк
15. Денсаулық кепілі — дене шынықтыру.
М. Я. Мудров
Ж. Исакаев