Британия ғалымдары әлеуметтік арақашықтықты 3 метрге ұлғайтуға шақырды

Ұлыбританияның "Sage" ғылыми-кеңес беру тобының жетекші мүшелері бұл шараны 1,5 метрден 3 және одан да ұзағырақ қашықтыққа ұлғайтудың уақыты келді деп санайды. Сонымен қатар, олар жаңа, наурыз айындағыдан гөрі қатал локдаун енгізу уақыты келді деп есептейді.

Елдің денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкок "билік қажет болған жағдайда карантинді одан әрі қатайту мүмкіндігін жоққа шығармайтынын" мәлімдеді. Мұндай пікір елде дүйсенбі күні COVID-19-дан тағы да 529 адамның қайтыс болуынан туындыған, бұл өткен аптамен салыстырғанда 30 пайызға көп. Бұл, пандемия басталғалы қаза тапқандар саны бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

Көптеген адамдар ашық ауада жаттығуларға берілген рұқсатты достарымен кездесу мүмкіндігі ретінде пайдаланады, бұған қазіргі уақытта мүлдем жол берілмеуі тиіс, дейді билік. Соңғы жеті күнде Ұлыбританияда орташа есеппен 931 адам қайтыс болған. Алдыңғы ең жоғары апталық көрсеткіш – 920 адам – сәуір айында, коронавирустың бірінші толқыны кезінде тіркелген болатын.

inform.kz