Британ ғалымдары адамның шашының ағаруына жауапты генді анықтады. Осы жаңалық адамның қартаю процесін болдырмауға немесе баяулатуға жағдай туғызуы мүмкін. Зерттеу нәтижесі Nature Communications басылымында жарияланды.
Ғалымдар әртүрлі нәсілге жататын 6 мыңға жуық еріктінің ДНК сынамасын алған.
IRF4 гені шаштағы, терідегі және көздегі меланин пигментіне жауап береді. Шаштың ағаруына бұл ген ғана әсер етпеуі ықтимал, сонда да бұл жаңалық ғалымдар үшін көптеген нәрселерді түсінуге мүмкіндік береді.
«Шаштың түсуі және оның түсіне жауапты бірнеше генді білеміз, алайда бірінші мәрте адамның шашының ағаруына жауапты генді, сондай-ақ шаштың пішіні мен оның тығыздығына жауап беретін гендерді таптық. Бұл нәтижеге көп адамдарға зерттеу жүргізу кезінде қол жеткізілді. Бұған дейін осындай ауқымды зерттеу жүргізілмеген еді», дейді зерттеу тобын басқарған Лондон колледждік университетінің зерттеушісі Каустубх Адхикари.
Дереккөз: inform.kz