Алма мен шоколад
Бұл тағам ағзаға пайда әкелетін антиоксидантты екі есе береді. Ол терінің жас қалпын сақтап қалуды, ми мен жүрек қан-тамырлары жүйесін жақсартуды қамтамасыз етеді.
Сұлы ботқасы және апельсин шырыны
Сұлы жармасы (овсяная хлопья) мен жаңа сығылған апельсин шырыны фенолдарға бай, соның арқасында ас қорыту жүйесі жақсарып, майбез жұмысын қалпына келтіреді.
Қызанақ пен бауыр
Бауыр темірге бай, ал бұл құрамында С дәрумені көп қызанақпен қосылған кезде табиғи құндылығы артқан үстіне арта түседі.
Ақжелкен және лимон
Бауыр мен қызанақтағыдай ақжелкен (петрушка) құрамында болатын темір ағзаға әлдеқайда жақсырақ сіңуіне лимон көмектеседі.
Айран мен көкөністер
Айран құрамындағы кальций арқылы асқазан жұмысы жақсарып, ішектегі микрофлоралар қалыпқа келеді. Ал жасұныққа бай көкөністер кальцийді сіңіруге жәрдемі тиеді.
Саумалдық пен авокадо
Саумалдық (шпинат) А дәруменіне бай, бірақ оның әсер ету жағдайын жақсарту үшін өсімдік майы қажет, авокадоның құрамында дәл осы жағдайда таптырмас керекті дәрумендер бар.
Көк шай және лимон
Медицина қызметкерлері көк шайға бір тілім лимон салып ішуді ұсынады. Дәл осы қосынды ағзаға максималды түрде пайдасын тигізеді. Көк шайда болатын аскорбин қышқылы қант диабетімен күресіп, жүрек-қан тамырлары, рак ауруларының алдын алады.