- Негізгі бет
- Денсаулық
- Брекет қондырмас бұрын...
Брекет қондырмас бұрын ескеру керек жайттар
Тістің саулығы өте маңызды. Әсіресе сыртқы келбетке назар аударатын заманда тістің түзулігі мен оның түсінің біркелкілігі алдыңғы орынға шықты. Брекет қондыру сәнге айналды. Бүгін брекетті қондырмас бұрын ескеру керек бірнеше жайтты ұсынамыз.
Брекетті кімге қондырады?
Брекетті қондыру үшін алдымен дәрігер ортодонтпен ақылдасасыз. Бүгінде көптеген тіс емханалары тегін консультация жұмыстарын жүргізеді. Брекеттерді әдетте тістемі (үстінгі және астыңғы жақ сүйектері, тістердің орналасуы) бұрыс орналасқандарға, тістердің ығысуы байқалған жағдайда беріледі. Тістемнің дұрыс болмауы адамның денсаулығына кері әсерін тигезеді.
Қандай тістем (прикус) дұрыс саналады?
Тістем дұрыс болса үстінде орналасқан тістер астыңғы тістердің үштен бір бөлігін жауып тұруы тиіс. Сонда ғана тістердің арасындағы байланыс дұрыс жүріп, тістеу жақ сүйегіне артық салмақ салмайды.
Ортондонтқа бару керегін қайдан білемін ?
- Тісті жұлғаннан кейін не түскеннен кейін орын бос қалса:
- Жоғарғы сойдақтістер (клыки) астыңғы тісті толық жауып тастаса;
- Сүт тістер тым ерте не тым кеш түссе;
- Ұйқы кезінде тіс қайраса;
- Қызыл иек жиі қанаса;
- Сүйек доғасы қатты ығысқан кезде;
- Ызың дыбыстарды дыбыстау қиын болған жағдайда;
- Жақ сүйегінің төменгі бөлігі алға шыққан жағдайда;
Брекеттің қандай түрлері бар?
Брекеттер металл, керамикалық, жаһұт және аралас болып жіктеледі. Оның механизміне байланысты өздігінен жылжитын және лигатуралы. Тісте орналасуына байланысты вестибулярлы (сыртқы) және езулік (тіс артына) деп бөлінеді.
Металл брекеттер: Медициналық болаттан дайындалатын брекеттер бағасы жағынан арзан әрі тиімді түрі саналады. Соған қарамастан бұл брекеттер бірден көзге түсетіндіктен эстетикалық тұрғыдан таңдамай жатады. Металл брекеттер әдетте тісті жылдам түзетеді. Бірақ сізге сырт келбетіңіз маңызды болса, онда өзге брекеттерді таңдағаныңыз жөн.
Керамикалық брекеттер: Керамикалық брекеттерді тіс эмалінен айыру қиын. Оларды әдетте сыртқы келбетке айтарлықтай әсер келтірмеу үшін тағады. Бірақ уақыт өте келе боуялы сусындар мен тағамдардың әсерінен сәл сарғаюы мүмкін. Сонымен қатар тіске қатты күш түскен жағдайда сынып кетеді.
Жаһұт брекеттер: Жаһұт брекеттерді қондыру сыртқы келбетке айтарлықтай әсер етпейді. Оны алюминий оксидінен дайындайды. Басты кемшілігі бағасының қымбаттығы. Ал басқа критерийлер бойынша көш бастайды.
Брекет орнатпас бұрын не істеу керек?
Ортодонттық ем бастамас бұрын алдымен рентген-диагностика жасайды. Кейін кәсіби тазарту жұмыстары жүреді.
Брекеттер таңдамас бұрыс не істеу керек?
Алдымен сіз сенім артатын кәсіби дәрігерді тапқан дұрыс. Кейін ол сіздің тісіңіздің ерекшеліктеріне қарап қай брекет жүйесі дұрыс екенін айтады.
Брекет қондырғаннан кейін не істеймін?
Брекет тағу ауыз қуысы өте таза болуын талап етеді. Арнайы тіс щеткасын пайдаланған жөн. Тамақ ішкеннен соң міндетті түрде тісті тазалау керек. Одан бөлек, ай сайын емханаға барып, түзетіп және тазалап тұруды ұмытпағайсыз.