- Негізгі бет
- Денсаулық
- Бір стақан жеткілікті:...
Бір стақан жеткілікті: стоматолог алкогольдің тіске қалай әсер ететінін айтты
Дәрігерлер тістің саулығы дененің көптеген мүшелері мен жүйелеріне тікелей әсер ететінін айтады. Кариесті емдемеу, жыл сайынғы тексерулерден бас тарту – үлкен қателік. Тісті ауру адамдарда жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, тіпті жүктілік кезінде асқыну қаупі жоғары екендігі дәлелденді.
Тісті ұзақ уақыт бойы сау ұстау үшін алкогольден бас тарту керек. Неліктен екенін біліктілігі жоғары санатты дәрігер-хирург Александр Янкин түсіндірді.
Бактериялардың көбеюіне ықпал етеді
"Көптеген адам алкогольдің тістерге, ауыз қуысына қалай әсер ететінін білмейді, тіпті алкогольдің қаншалықты зиян екенін түсінбейді. Алкоголь тіс эмальының түссізденуіне әкеледі, ауыздың құрғауын тудырады, бұл бактериялардың өсуі үшін қолайлы жағдай тудырады", - дейді тіс дәрігері.
Сондай-ақ, маман алкогольдік сусындардың құрамында қант болатынына және ауыз қуысында қышқылдық орта түзетінін ескертеді.
Кальцийді жуады
Дәрігер алкогольдің ағзадан кальцийді шығаруы мүмкін екенін айтады.
"Тістер сынғыш болып, жағымсыз әсерлерге көбірек бейім болады. Дақтар пайда болады және қызыл иектің қабыну ауруы денсаулықтың басқа мәселелерін тудыруы немесе бар ауруларды қоздыруы мүмкін", - дейді Александр Янкин.
Пародонтит пен қатерлі ісік тудырады
"Ішімдіктердің құрамындағы алкоголь алдымен ауыз қуысының шырышты қабаты мен қызыл иектің жұмсақ тіндерін тітіркендіреді. Нәтижесінде гингивит, соның салдарынан пародонтит сияқты аурулар дамиды. Сондай-ақ алкоголь ауыз қуысының қатерлі ісігін тудыруы мүмкін", - деп ескертеді дәрігер.
Алкоголь қандай мүшелерге әсер етеді?
Көпшілік "ішімдікке құмар болсақ, алдымен бауыр зардап шегеді" дейді. Бірақ дәрігерлер бұл мүлдем дұрыс емес деп санайды.
Алкогольді сусын салдарынан алдымен ми зардап шегеді екен.
Т. Раушанұлы