- Негізгі бет
- Денсаулық
- Бойыңыз биік пе,...
Бойыңыз биік пе, әлде аласа ма? Қатерлі ісік кімдерге қауіпті екені айтылды
Көпшілік адам өз бойына көңілі толмайды. Бойы қысқа адамдар - ұзын, ал ұзын адамдар, керісінше, сәл қысқалау болғысы келеді. Кей адамдар бойынан ұялса, басқалар бойы үшін киім таңдауда қиналады. Ал Халықаралық әлемді зерттеу қорының сарапшылары бой адамның қатерлі ісікпен ауырып қалу қаупін көрсететін бір белгі екенін анықтаған. Бұл жерде ұзын бойлы адамдардың жолы болмады. Мұндай қорытындыға келу үшін ғалымдар диета, салмақ, физикалық белсенділік және онкологияның бар болуына байланысты ауқымды мәліметтерге анализ жасау арқылы келген, - деп жазды Express.
Адамның бойы қаншалықты ұзын болса, онкология қаупі соншалықты жоғары болады.
Ықтимал қатерлі ісік түрлеріне мыналар жатады:
- бүйрек қатерлі ісігі - бойы ұзын адамдарда қауіп 10%-ға артады;
- сүтті без қатерлі ісігі - етеккір үзілісінен кейін қауіп 9-11%-ға артады;
- аналық без қатерлі ісігі - 8%;
- ұйқы безі қатерлі ісігі - 7%;
- ішектер қатерлі ісігі - 5%;
- қуықасты безі қатерлі ісігі - 4%.
А. Жапатова"Қатерлі ісіктің даму қаупі бойда емес, өсу процесі кезінде пайда болады. Яғни, жылдар бойы денеңіз қаншалық көбірек өссе, яғни, "созылса" және өзгеріске ұшыраса, онкологияның даму мүмкіндігі жоғары болады. Бірақ бойыңыз ұзын болса, қорқудың қажеті жоқ: олардың пайыздары аз, бастысы, денсаулығыңызға мұқият болыңыз", - дейді қатерлі ісікті зерттеу Халықаралық фондының басшысы Сюзанна Браун.