Оқырмандар тарапынан Massaget.kz сайтының электронды поштасына түрлі сұрақ келіп тұрады. Солардың бірі «Бойымды қалай өсіремін? Қандай жаттығу жасауым керек?» деген сұрақ.
Тағамды шамасынан асырып немесе тағам құрамында ақуыздың жеткіліксіз болуы бойды дұрыс өспеуіне әкеліп соғады. Бойдың өспей қалуын адамның гендік ерекшеліктерімен де байланыстырып түсіндіруге болады. Бұдан да басқа көптеген фактор әсер етеді. Мәселен, Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяның адамдарының орташа бойын салыстырып көрген ғалымдар солтүстік бөлікте тұратын адамдардың 7 сантиметрге биік екенін аңғарған. Мұның себебін мамандар өте көп мөлшерде ас ішуден дейді. Бойдың өсу-өспеуі 80-85 пайызы генетикалық факторларға тәуелді. Ал қалған сыртқы факторлардың үлес салмағы 15-20 пайыз ғана екен. Егер біріншісінде ата-тегіңіздің орташа бойы маңызды болса, екіншісі адамның тамақтануы мен ағзаға қажетті микроэлементтердің қорек етілуінен екен.
Бойды өсіретін азық-түлік
Бойдың өсуіне тікелей әсер ететін дәрумен – D дәрумені және мырыш (цинк). Бұл элементтер адамның нәресте кезінде-ақ ағзаға жетуі керек. Ал ересек адамдар бұл дәруменді қанша қабылдаса да бойының өспеуі әбден мүмкін. Бұдан басқа, кальцийдің де бойға әсері барын көп естиміз, мәселен құрамында кальций бар азықты қаншалықты көп жесек, соншалықты бойымыз биік болады деп ойлаймыз. Бірақ бүгінге дейін кальцийдің бойды өсіргені жайлы ғылыми дәлел кездеспеген.
Бойды өсіру үшін қандай жаттығу жасау керек?
Нақтылай қандай да бір жаттығуды жасаған кезде бой өседі делінетін дерек табылмады. Ал белтемірде (турник) тартылу әлі де аңыз ғана. Әрине, белтемірде жаттыққан жасөспірімнің бойы өсуі мүмкін, бірақ бойдың өсуі нақтылай белтемірдің әсерінен болғанын анықтау өте қиын. Ал ауыр темір көтеру, әсіресе 17 жастан кішілерге ауыр тиеді. Ал ең жақсы әдіс деп ғалымдар ұйқыны айтады. Егер ұйқыңыз тыныш болса бойыңыз да тез өседі.
Ендігі кезекті адам бойы туралы қызықты фактілерге берейік:
Таңертең кешкі уақытқа қарағанда біз биікпіз. Себебі күні бойы адам бел омыртқасы мен аяқ, иық қоспалары вертикалды бағытты болатындықтан бір-бірімен тығыз болады. Ал түнде адам горизонтальды бағытта жатып, қоспалар мен буындар бір-бірінен ажырай түседі. Адам ғарышта өседі. Ғарышта көп уақыт бойы болған адамның бойы өсетінін ғалымдар байқапты. Адам бойы тіпті 5-8 сантиметрге дейін өседі екен. Бірақ бұдан адамның омыртқасы беріктігін жоғалтады. Ал жерге қайтып келген соң ғарышкердің бойы өз қалпына келеді. Бойды дұрыстап өлшеу үшін екі тобықты да жерге тигізіп тұру керек. Тигізбеген жағдайда адам бойы 1 сантиметрге дейін биік болуы мүмкін. Адамзаттың жалпы бойы бірқалыпты емес. Адамзат не өспейді де, не кішіреймейді де. Тек кейбір кезеңдерде өсіп, қайта кішірейеді. Мәселен неандерталь адамының бойы 160-165 см болса, орта ғасырларда 150 см-ге жуық, ал бүгінде адамзаттың орташа бойы 172 см екен. Адамзат бойының мұндай бірқалыпты болмауын ғалымдар түсіндіріп бере алмайды екен. Әлемнің ең биік адамы – Федор Махнов. Ол тіпті бәрінен де биік – 285 см.Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: voxpopuli.kz, yarasty.ru